Бұл бейнежазба көпшілікке бірден ұнады.
Алматыдағы Алатау ықшам ауданының тұрғындары көшенің батпаққа батқанын "Кальмар ойыны" сериалының желісімен видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған деп хабарлайды Paryz.kz.
Instagram-дағы Kris_p_original парақшасында пайда болған бейнежазбада аяғына пакет киген жігіт лай кешіп, тура сериалдағыдай секіріп жүреді.
Бұл бейнежазба көпшілікке бірден ұнады.
"Сакураға ұқсайды". "1990-2000 жылдар есіме түсіп кетті. Әкімдік қайда қарап отыр? "Жолдар қашан жөнделеді екен?" - деп жазды желі қолданушылары.