Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Қайтадан оқуы қажет": Қазақстандық диплом Ресейде жарамсыз ба?

Желіде тараған хабарлама авторының айтуынша, ұлы биыл Бөкетов атындағы Қарағанды университетін бітірген. Алайда Ресейге жұмысқа орналасуға барғанында университетті бітіргені туралы құжатты жаратпай, "неге екені белгісіз" деп атаған.

"Қайтадан оқуы қажет": Қазақстандық диплом Ресейде жарамсыз ба?
фото: ашық дереккөз

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі Ресей Федерациясында қазақстандық жоғары оқу орындарының дипломы жарамсыз деген ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды Paryz.kz.  

Желіде тараған хабарлама авторының айтуынша, ұлы биыл Бөкетов атындағы Қарағанды университетін бітірген. Алайда Ресейге жұмысқа орналасуға барғанында университетті бітіргені туралы құжатты жаратпай, "неге екені белгісіз" деп атаған.

Уәкілетті орган мұндай дипломдардың Ресейде мойындалмайтынын, тек мемлекеттік дипломның ғана мойындалатынын айтты. Сондай-ақ олар биыл мұндай адам көп екенін жеткізді, алайға оларға көмектесе алмайды, қайтадан оқуы қажет. Біз оқуға төрт жыл ішінде көп ақша жұмсадық, соның бәрі ысырап болып отыр. Бұл қалай?! Неге біздің дипломды басқа елдерде мойындайтындай етуге болмайды? Неге біздің балалар зардап шегуі керек, - делінген хабарламада.

Министрліктің баспасөз қызметі қазақстандық жоғары оқу орындарының мемлекеттік және жеке үлгідегі дипломдары халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін айтты. 

Сондай-ақ ведомство Қазақстан мен Ресей жоғары білімге қатысты біліктілікті тануды көздейтін Лиссабон конвенциясына қол қойғанын атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстан – Болон декларациясының мүшесі және еуропалық білім беру кеңістігінің толық құқықты қатысушысы болған Орталық Азиядағы алғашқы ел. Қазақстанда берілетін диплом еуропалық біліктілік шеңбері деңгейімен тең деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі.

Сонымен қатар министрлік сапасыз білім беру қызметтерін көрсететін жоғары оқу орындарын жабу үшін жұмыс жүргізіп жатыр, - деді министрліктің баспасөз қызметі.