Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Шетелге көшетін медицина кадрлары жыл сайын артып барады

3 жылда 3,5 мың маман шекара асқан.

Шетелге көшетін медицина кадрлары жыл сайын артып барады
Фото: kursiv.kz

Қазақстаннан жыл сайын шетелге кететін медицина кадрларының саны артып жатыр. Бұл туралы ҚР ДСМ республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев айтты, деп хабарлады paryz.kz.

"Дефицитке әкеп соғатын медициналық кадрлардың жұмыстан шығуының негізгі себептерінің бірі - сыртқы миграция, яғни медициналық кадрлардың елден кетуі. Бүгінде медициналық кадрлар көп көшіп кеткен үш өңір: Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы және Қарағанды облысы болып отыр. Бұл үш өңір медициналық кадрлардың сыртқы миграциясы бойынша көш бастап тұр. 2017 жылы орташа есеппен 1062 адам, 2018 жылы 1225 кадр, 2019 жылы 1212 қызметкер Қазақстан шекарасынан шығып кетті", - деді бас директор ОКҚ-дағы онлайн-брифингте.

Қанат Төсекбаев кадрлардың шетелге қоныс аударуының себебін түсіндірді.

"Кадрлардың кетіп қалу себебі - мотивация беретін тиімді механизмнің жоқ болуы, психо-эмоционалдық жүктеме, кәсіби түрде даму мүмкіндігінің жоғы, құқық қорғау деңгейінің төмендігі, әлеуметтік кепілдіктің толық болмауы", - деді ол.