Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Елімізде ауыл шаруашылығы саласын дамытуға баса назар аударылуда

Мемлекет басшысы жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін іске қосу қажеттігіне ерекше назар аударды.

Елімізде ауыл шаруашылығы саласын дамытуға баса назар аударылуда
Дереккөз: 24.kz

Мемлекеттегі ауыл шаруашылығы саласы – саудадан кейін жұмыспен қамтылғандар саны бойынша елдегі екінші сала болып табылады. Ауылдық жерлерде халықтың 42%-ға жуығы тұрады, бұл ретте осы салада 1,5 млн. адам жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Қазақстан аумағы бойынша әлемде тоғызыншы орында тұрады және аумақтың 74%-ға жуығы елде ауыл шаруашылығын жүргізуге жарамды болып табылады.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында агроөнеркәсіптік кешен реформасын жүргізу қажеттігі туралы атап өтті. Президент мәлімдегендей, Қазақстанда ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, дәнді дақылдар, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және оны қайта өңдеу бойынша 7 ірі экожүйені қалыптастыруға болады. Бұл ірі жобалар ауылшарушылығы саласының орталық құралы ретінде маңызды рөл атқарады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін іске қосу қажеттігіне ерекше назар аударды. ҚР Президенті Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Жеке аула миллиондаған ауыл тұрғындарына қажетті табыс табуға мүмкіндік береді. Оларды өңірлік азық-түлік хабтарын құруға тарту керек», - деп тапсырма берді. Бұл жағдайда әлеуеті мол көлденең кооперация жайлы атап өткен абзал.

Осыған байланысты Президент Үкіметке субсидиялау бағдарламалары мен салықтық жеңілдіктер аясында ауылдағы кооперацияны ынталандыру бойынша шаралар пакетін әзірлеуді тапсырды.

Субсидиялау

2019 жылы субсидиялар рекордтық 324 млрд. теңгеге жетті, ал 2020 жылы – 294 млрд. теңгені құрады, Қазақстанда орташа субсидиялау ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 4-5%-нан аспайды. Бұл ДСҰ мүшелері үшін рұқсат етілген деңгейден төмен болып есептеледі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі биылғы жылдың тамыз айында субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді, онда ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін жабдықтар мен техника құнының 50%-ы мөлшерінде инвестсубсидиялар, сондай-ақ кооперативтер дайындаған сүт пен етті субсидиялау көзделген және салық заңнамасында кооперативтерге салық төлемдері бойынша 70% жеңілдік қарастырылған.

Сонымен қатар, былтырдан бастап субсидиялау Qoldau.kz ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылуда. Былтырғы жылы ақпараттық платформаны пайдаланушылар саны 202 240 адамды құрайды және 373 654 адамға рұқсаттама беру қамтамасыз етілген.

Агроөнеркәсіптік кешен реформасы

Мемлекет басшысы шикізаттық бағыттылықтан арылып, қойма және көлік инфрақұрылымын дамыта отырып, агроөнеркәсіптік кешен  реформасын жүргізу қажеттігін атап өтті.

Келесі «бесжылдыққа» агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жаңа ұлттық жобаны әзірлеу мақсатында ведомствода жұмыс тобы құрылды. Аталған топқа қоғамдық салалық қауымдастықтар мен одақтардың басшылары, ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы халықаралық сарапшылар, «Атамекен» ҰКП, сондай-ақ бизнес пен агрономия өкілдері кірді.

Аталған бағдарламаның міндеттері ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен толықтыру, ауыл халқының табысын арттыру, еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2 есеге ұлғайту болып белгіленді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев технологиялық тұрғыдан ескірген суару жүйелері маңызды мәселе болып қала беретінін атап өтті.

«Су шығыны 40%-ға жетеді. Қазақстан үшін су тапшылығы бойынша мұндай болмауы тиіс. Осы саланы нормативтік-құқықтық реттеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ заманауи технологиялар мен инновацияларды енгізу мақсатында экономикалық ынталандыруды әзірлеу қажет», - деді ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының айтуынша, ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес ірі инвестициялық жобалардың айналасында ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру және оны қайта өңдеуге қатысты экожүйелер құрылады, бұл суармалы жерлердің көлемін ұлғайтуға оң ықпалын тигізеді.

«Қазір су тұтынуды азайту және ылғал-ресурс үнемдеу технологиясына көшуге ынталандыру үшін қазіргі заманғы суару жүйелерінің құны 50%-ға субсидияланады, бұл суды тұтыну мен жоғалтуды бірнеше есе қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қазақстанға заманауи суару жүйелерін өндіретін әлемдік компанияларды тарту жұмыстары жүргізілуде», - дейді министрлік өкілдері.