Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Елордада тұрғын-үй мәселесін шешуде мақсатында «Elorda Jastary» бағдарламасы іске қосылды

«Elorda Zhastary» бағдарламасы қала жастарына тұрғын үй сатып алу мақсатында Отбасы банкінен жеңілдікпен несие алуға мүмкіндік береді.  

Елордада тұрғын-үй мәселесін шешуде мақсатында «Elorda Jastary» бағдарламасы іске қосылды
Дереккөз: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қала жастарына арналған «Elorda Jastary» арнайы тұрғын үй бағдарламасының іске қосылғаны туралы мәлімдеді.

Бағдарлама жеңілдетілген әлеуметтік несиелендірудің тұрғын үй бағдарламасы жас мұғалімдерге, дәрігерлерге, журналистерге, мәдениет саласының қызметкерлеріне, спортшыларға, әлеуметтік қызметкерлерге, коммуналдық қызмет қызметкерлеріне, полиция департаменті қызметкерлеріне, Төтенше жағдай департаменті қызметкерлеріне, «жетім балалар» санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұрған коммуналдық кәсіпорындардың бейінді қызметкерлеріне арналған.

«Elorda Zhastary» бағдарламасы қала жастарына тұрғын үй сатып алу мақсатында Отбасы банкінен жеңілдікпен несие алуға мүмкіндік береді.  Атап айтқанда, табысы жоғары емес жастарға тұрғын үй мәселесін шешуге оң ықпалын тигізеді.

Отбасы банк Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова: «Біз Елорда жастарының Отбасы банкінің есепшоттарында құлшыныспен ақша жинап жатқандарын және де пәтер алуға дайын екенін білеміз, бірақ олардың қаражаты мен мүмкіндіктері жеткіліксіз. Ал жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылса, олар биыл жаппай қоныс тойын тойлауға мүмкіндік алады. Оның дәлелі ретінде – Алматы қаласын келтіруге болады, аталмыш қалада осыған ұқсас бағдарлама үлкен сұранысқа ие. Оның көмегімен қазірдің өзінде тұрғын үй мәселесін 2000 алматылық шешті», - деп түсіндірді.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен Отбасы банк «Elorda Zhastary» тұрғын үй бағдарламасы бойынша қарыз алушыларға несие беру үшін 3,6 млрд. теңге бөледі. Бұл қаражат бағдарламаның 200-ге жуық қатысушысын несиелендіруге көмектеседі. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов: «Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға Отбасы банкі мен 2021-2023 жылдарға арналған Elorda Jastary бағдарламасы көмектеседі», - деп атап өтті.

Қаладағы әлеуетті қарыз алушылардың тізімін жергілікті атқарушы билік қалыптастырады. Бағдарламаға қатысу үшін qatysu.zhilfond.kz сайтында биылғы жылдың 14 қазанынан бастап өтініш беруге болады. Авторизациядан өту үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет, оны онлайн режимінде немесе жақын орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығында алуға болады.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған соң қатысушыларды іріктеу басталады. Үміткерлер пулы балдық жүйе бойынша қалыптасады. Ол еңбек өтілін және өтініш берушінің (ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе олардың балаларының) 1,2,3 мүгедектік тобына жататын-жатпайтынын ескереді.

Пул құрылғаннан кейін оның қатысушылары Отбасы банкінен несие алуға жолдама алады. Банк бағдарлама қатысушысының төлем қабілеттілігін тексеріп, жылдық 5 пайызбен жеңілдетілген несие береді. Алғашқы жарна – 10%. Елордалық жас тұрғындарға берілетін несиенің ең жоғары сомасы – 18 млн. теңге, сатып алынатын тұрғын үйдің құны – шектеусіз, мерзімі – 25 жылға дейін.

Оның көмегімен алғашқы немесе қайталама нарықтан, сондай-ақ «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-ның кепілдемесімен үлестік қатысу шарты бойынша салынып жатқан тұрғын үй сатып алуға болады.

«Elorda Zhastary» бағдарламасына қатысушыларға қойылатын негізгі талаптарға тоқтала кетсек.

Атап айтқанда, тұрғын үй бағдарламасына 35 жасқа дейінгі қазақстандық азаматтар қатыса алады (35 жасты қоса алғанда, жұбайының/зайыбының жасы маңызды емес). Нұр-Сұлтан қаласында кемінде 1 жыл тіркеуі, Отбасы банкте жинақ шоты болуы қажет, бағдарламада үміткерлердің жеке тұрғын үйі болмауы тиіс (соңғы 5 жыл ішінде). Ресми жұмыс өтілі – 1 жылдан кем болмауы керек.

Бағдарламаға қатысушының Отбасы банкінде сатып алатын баспана құнының 10% мөлшеріндегі алғашқы жарнасын бар депозиті болуы тиіс (салымның бар екендігі туралы анықтама немесе шот бойынша үзінді көшірме).

Отбасының 1 мүшесіне шаққандағы соңғы 6 айдағы табыс 6 ең төменгі күнкөріс деңгейінен немесе 205 812 теңгеден аспауы тиіс (зейнетақы жарналары, жеке табыс салығы және басқа да міндетті жарналарды қоспағанда). Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

Өтінімдерді қабылдау биылғы жылғы 14 қазанда басталғанын атап өтеміз. Qatysu.zhilfond.kz cайтында қатысушылардың санаттары, тұрғын үй алу талаптары мен алгоритмі бойынша қосымша ақпаратпен танысуға болады Өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін қатысушыларды іріктеу балдық жүйеге сәйкес жүзеге асырылады.