Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Қазақстандық волонтерлер халықаралық ұйымдарда тәжірибе жинауда

Өткен жылы Қазақстан Үкіметі БҰҰ Волонтерлер бағдарламасымен Қазақстаннан жеті еріктіні толық қаржыландыру туралы келісімге қол қойып, олар БҰҰ-ның шетелдердегі өкілдіктерінде орналасқан, нақтырақ айтқанда,  Иордания, Кения, Таиланд және Түркия елдеріне жіберілген.

Қазақстандық волонтерлер халықаралық ұйымдарда тәжірибе жинауда
Дереккөз: newtimes.kz

Қазақстанда волонтерлер қозғалысы артуда. Бұған дәлел, бүгінде елімізде елімізден бөлек, жаһандық әлеуметтік мәселелерді шешуге дайын әрі шетелдік волонтерлік ұйымдарда тәжірибе жинап жүрген жастаржың үлесі артқан.

Атап айтқанда, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Волонтерлер Бағдарламасының үйлестірушісі Никита Шабаевтың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда волонтерлік жобаларды мемлекет те, үкіметтік емес сектор да көп қолдау көрсетеді, сондай-ақ, волонтерлер үшін оқуға, жұмысқа қабылдану уақытында бірқатар артықшылықтар қарастырылған.

Өткен жылы Қазақстан Үкіметі БҰҰ Волонтерлер бағдарламасымен Қазақстаннан жеті еріктіні толық қаржыландыру туралы келісімге қол қойып, олар БҰҰ-ның шетелдердегі өкілдіктерінде орналасқан, нақтырақ айтқанда,  Иордания, Кения, Таиланд және Түркия елдеріне жіберілген.

Никита Шабаев бұл үрдіс шетелде БҰҰ жүйесінде жұмыс істеудің оң тәжірибесін алуға және шетелде алған білімдерін елімізде қолдануға тамаша мүмкіндік береді деп санайды. БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы Қазақстанда               1993 жылдан бері жұмыс істеп келеді. «Біз еріктілер қозғалысын ілгерілетуді өз міндетіміз деп санаймыз, волонтерлік инфрақұрылымын танымал ету және оны дамыту үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп тығыз жұмыс істейміз, сондай-ақ БҰҰ Халықаралық өкілдіктеріне қолдау көрсетеміз. Тек еріктілермен біріге отырып, біз климаттың өзгеруі мен экологиялық проблемаларды тоқтата аламыз, барлық халықтардың бейбітшілігі мен өркендеуіне қол жеткіземіз. Шетелде волонтерлік қызметті енді ғана бастаған мамандарға өз елімізден үлкен көмек көрсетіледі», - дейді Никита Шабаев.

Дина Ақылбекова – Қазақстан Үкіметінің толық қаржыландыру бағдарламасы аясында 2020 жылы шетелге аттанған, БҰҰ-ның алғашқы жеті халықаралық еріктілерінің бірі болып табылады. Ол БҰҰ Даму Бағдарламасының Стамбул қаласындағы Халықаралық даму орталығында қоғаммен байланыс және серіктестік жөніндегі талдаушы болып жұмыс істейді. Дина Ақылбекова онда еріктілік арқылы заманауи цифрлық іс-әрекеттерді алға ілгерілетумен айналысқан. Дина өзінің волонтерлік қызметін мектепте, дүниежүзілік математикалық Олимпиада да, халықаралық IT конференцияда, VII Қысқы Азия ойындарын өткізуге бағыттағанын атап өтті.

Дина үшін волонтерлік қызметіндегі ең маңызды жобалардың бірі - VII Қысқы Азия ойындары мен ЭКСПО-2017 қатысу болған. Азия ойындарында ол  баспасөз орталығында жұмыс істесе, ал ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінде БҰҰ-ның 50 ерікті студенттерін үйлестіруге көмек көрсеткен. Ол ЭКСПО-2017 көрмесінің қонақтарына БҰҰ жобаларын ұсынған еріктілердің үздік командасының үздік жұмысын таныстыра алғанын мақтан етеді.

Тағы бір отандасымыз Ділшат Жүсіпова Тайландтағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) коммуникация мәселелері жөніндегі жетекші маманы болып қызмет етеді. Назарбаев университетінің «Халықаралық қатынастар» мамандын бітірген ол, сондай-ақ АҚШ-тың Висконсин университетінде білім алған.

Сонымен қатар, Ділшат OYLA журналында ағылшын тілінің редакторы болып жұмыс істеп, Британ Кеңесі мен Шеврон Қазақстан компаниясы жанындағы ғылыми жобаларды үйлестірген. Бұған қоса, The Astana Times жаңалықтар басылымының әлеуметтік желілерде аккаунттарды жүргізу бойынша репортер маманы болды, сондай-ақ Қазақстанда қылмыстық сот төрелігін нығайту мақсатында Еуропалық Одақтың жобасында арнайы тағылымдамадан өткен. Дильшаттың айтуынша оның мақалалары UNICEF веб-сайтында, Тайландтың әлеуметтік желілерінде және БАҚ-та жарияланған. Ол UNICEF-тің әр баланың мүддесін қорғауға деген ұмтылысы өзіне ұнайтынын жеткізді.

Никита Шабаевтың пікірінше, еріктілер Отанға оралғаннан кейін, шетелдік тәжірибені пайдалана отырып, еліміздегі азаматтар арасындағы әлеуметтік осал топтардың құқықтарын қорғайды және инновациялық цифрлық технологияларды енгізеді, сондай-ақ миллиондаған адамдардың өмірінің жақсаруына септеседі.