Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Сенаторлар Қазақстанда журналист мәртебесін қорғайтын Заң әзірлейтін уақыт жеткенін мәлімдеді

2017 жылдың  21 желтоқсанында 280-ге жуық түзетулер мен толықтырулар енгізілген қолданыстағы «БАҚ» туралы» заңды ҚР Парламентінің Сенаты екінші оқылымда мақұлдады.

Сенаторлар Қазақстанда журналист мәртебесін қорғайтын Заң әзірлейтін уақыт жеткенін мәлімдеді
Дереккөз: inbusiness.kz

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының қарарында: «Сөз бостандығы қалған барлық бостандықтардың өлшемі»,- делінген. Масс-медиада ой еркіндігі мен пікір алуандылығына кепілдік беретін АҚШ Конституциясына енгізілген «Бірінші түзетуді» Конгрес 1791 жылы мақұлдады. Қабылданған екі ғасырдан астам уақыт аралығында бар-жоғы 27 ғана өзгеріс енгізілген бұл елдің бас құжаты алдымен қоғамдағы ақпарат ашықтығын қамтамасыз етіп, оның құқықтық негізін қалады. Осы орайда, АҚШ-та демократия «толғағы» тудырған «тұңғыш перзентін» өмірге әкелді.

Жазушы, еліміздегі журналистиканың негізін қалаушы Шерхан Мұртазаның қалам қайраткерлерінің ауыр бейнеті туралы: «Арқалағаны алтын, жегені жантақ»,-деп ашына айтақыны бар еді. Қазір қоғамда сарапшылар арасында журналист мәртебесін айқындау және оның қызметін заңмен бекіту туралы қызу пікріталастар жүруде.

2017 жылдың  21 желтоқсанында 280-ге жуық түзетулер мен толықтырулар енгізілген қолданыстағы «БАҚ» туралы» заңды ҚР Парламентінің Сенаты екінші оқылымда мақұлдады.

Жасыратыны жоқ, БАҚ өкілдері сүйенетін, басшылыққа алатын бас құжатта тек қана шектеулер мен тыйымдар, журналистердің құқықтары мен міндеттері, ақпарат құралын тіркеу мен аккридеттеу тәртібі, қаржыландыру көздері ғана көрсетілген. Бұл заңда журналистің мәртебесі, жеке басының қауіпсіздігі, әлеуметтік тұрғыдан қорғалуы, соның ішінде тұрғын-үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ қаламақы саясаты туралы ештеңе айтылмаған.

Осы ретте, ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында депутат Нұртөре Жүсіп журналистердің заңнамадағы жағдайы анықталмаған және соның салдарынан журналист – мемлекеттік немесе азаматтық қызметкер, сондай-ақ кәсіпкер санаты жоқ адам екенін ескере отырып, «Журналист мәртебесі туралы» заң қабылдау қажеттігін мәлімдеді.

Сенатар «Отандық медиа» халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасында пәрменді құралға айналуы тиіс және журналистерге сот, прокуратура, ІІМ, адвокаттар, нотариустар сияқты нақты мәртебе беретін кез келді деп санайды.

Осы орайда, Сенатор ҚР Премьер-Министрі А.Ұ. Маминнің атына жолдаған депутаттық сауалында елімізде ақпараттық саланы дамытудың   2021-2025 жылдарға арналған жаңа ұлттық жоспарын әзірлеуді, сондай-ақ «Журналист мәртебесі туралы» арнайы Заң қабылдау қажеттігі туындап отырғанын атап өтті.

Депутаттың айтуынша, бүгінгі таңда журналистердің заңнамадағы жағдайы анықталған жоқ. «БАҚ туралы» Заңда және еліміздің Еңбек кодексінде журналистердің мәртебесі мен кепілдіктері туралы баптар қарастырылмаған. Нақтырақ айтатын болсақ, «БАҚ туралы» Заңның 20-бабында журналистердің тек 10 құқығы және 21-бабында 5 міндеті ғана жазылған. Нұртөре Жүсіп Еңбек кодексінде журналист мәртебесі туралы сөз жоқ, тіпті «Журналистердің еңбек құқығы» бөлімі де жоқ», - деп түсіндірді.

Оның пікірінше, ақпаратқа қол жеткізу саласында жеке реттеуді талап ететін күрделі мәселелер бар. Кейбір шенеуніктер Төтенше жағдайлар кезінде журналистердің сұрағына кәсіби деңгейде жауап беруге дайын емес.

Нұртөре Жүсіптің ақпараты бойынша кейбір шенеуніктер Төтенше жағдайлар кезінде журналистердің сұрақтарына кәсіби деңгейде жауап беруге дайын емес. Бұл ретте кәсіби қызметті жүзеге асыратын журналистке кедергі жасау халық пен мемлекеттен ақпарат алу мүмкіндігінен айыруды білдіреді. Ол Ресей Федерациясының тәжірибесін келтіре отырып, онда журналистердің кәсіби қызметіне кедергі жасағаны немесе журналистерге шабуыл жасағаны үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстанда 100 мың тұрғынға 445 полиция қызметкері келеді. Британдық The Sunday Times басылымы жазғандай, журналистерде стресстік жағдайдың пайда болу ықтималдығы әскери ұшқыш, такси жүргізушісі, өрт сөндіруші сияқты кәсіп иелеріне қарағанда жоғары. Әсіресе қақтығыстар, журналистердің өміріне үлкен қауіп-қатер төндіреді.

«Мысалы АҚШ-та журналистердің жалақысы жылына 28 мың доллардан 75 мың долларға дейінгі соманы құрайды. Түркияда журналистер үшін бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер бар, Ресей Федерациясында олар үшін ұялы байланыс, көлік және т.б. қамтамасыз етуде жеңілдіктер беру мәселелері қарастырылған. Әзірбайжанда БАҚ-ты қолдау жөніндегі мемлекеттік қор жұмыс істейді. Бізде мұндай жеңілдік жағдайды тек қана армандауға болады», - деді сенатор.

Н. Жүсіп сонымен бірге, кішкентай балалары бар жас журналистер жалдамалы пәтерлерді аралап жүргені және еліміздің тұрғын-үй бағдарламаларына қатыса алмайтындығын, сондай-ақ мемлекет тарапынан ешқандай әлеуметтік жағынан қорғалмағанына қатты алаңдаушылық білдірді.

«Осыдан 30 жыл бұрын жазушы, қоғам қайраткері марқұм Шерхан Мұртазаның бастамасымен Алматы қаласында журналистер үшін үй салынғанын негізге алып, Елорданың құрылыс компанияларына осындай тәжірибені жандандырса бұл үлкен игі іс болар еді», - деп сөзін қорытындылады ол.