Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Нұр-Сұлтанда ипотека төлеушілер Ұлттық банк алдында митинг өткізді

Белсенділер бейбіт "арт моб" өткізіп жатқандықтарын айтады, бірақ олармен сөйлесуге ешкім шықпаған.

Нұр-Сұлтанда ипотека төлеушілер Ұлттық банк алдында митинг өткізді
фото: видеодан скриншот

1 қараша күні Алматы мен Шымкент қалаларының қоғам белсенділері ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру мәселесіне назар аудару үшін елордадағы Ұлттық банк ғимаратының алдына жиналды. Олардың айтуынша, бұл мақсатты орындау үшін банктердің ақшалары жоқ деп хабарлайды Paryz.kz, 31-телеарнаның "Информбюро" жаңалықтар қызметіне сілтеиме жасап. 

Ал көмекке мұқтаж әлеуметтік осал санатындағы отбасылардың саны екі мыңнан асып жығылады. 

Әр өңірден жиналған қоғамдық ұйым басшыларының Нұр-Сұлтанға келуі бірінші рет емес, себебі олардың баспанасыз қалу қаупі бар несие алушылардың мәселелерін шеше алмай жүргендеріне біраз уақыт болған.

Бұған дейін олар 2004-2009 жылдар аралығында берілген ипотекалық несиені қайта қаржыландыру бағдарламасының үшінші кезеңін, сондай-ақ 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін берілген шетел валютасындағы несиелерді ұзартуға қол жеткізген. Қиын жағдайда қалған қазақстандықтардың өтініштері 1 желтоқсанға дейін қабылдануы керек, алайда қазірдің өзінде ең кемі екі банк көмек қолын созуға ақшаның жоқ екенін жеткізіп үлгерген. Бағдарламаға жалпы қарыз сомасы сегіз жарым миллиард теңгеге жуықтайтын екі мыңға жуық адам қатысуға ниет білдіріп отыр.

Бағдарлама ұзартылмаған уақытта бізге банктерде игерілмеген ақшаның бар екенін айтты. Ал біз бағдарламаны ұзартқан кезде ақшаның жоқ екені белгілі болады. Осы себепті де қоғамдық ұйымдар Ұлттық банк алдына жиналды, олар не болып жатқанын түсінгісі келеді, - дейді Rahym әлеуметтік үйінің басшысы Бибінұр Шерәлиева.

Белсенділер бейбіт "арт моб" өткізіп жатқандықтарын айтады, бірақ олармен сөйлесуге ешкім шықпаған. Әкімдік өкілдері рұқсат етілмеген митингілер өткізуге болмайтынын ескертті, алайда жиналғандар хабарлама жіберілгенін алға тартады.

Бұл жерде ешқандай шенеунік қолға ұстатпайды, Жоғарғы сот та, Әділет министрлігі де, Досаевты қоспағанның өзінде. Негізінде Досаев келмесе, ешнәрсені өзгерте алмаймыз, - дейді азаматтық белсенді Дильнар Инсенова.

Мемлекеттік органдардан ресми жауап алу әзірге мүмкін болмай тұр. Өткен аптада Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктерге қайта қаржыландыру бағдарламасына 45 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлгенін, бірақ әзірге 33 миллиард теңгенің шығынын растағанын хабарлаған еді. Олар жүргізілген есептерді толық алуы керек, содан кейін ғана қосымша қаржы туралы шешім қабылдайды. Мемлекеттік мекеме құжаттарды 10 күннің ішінде қарауды уәде еткен.