Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Павлодарлық отбасылар үш ай бойы паразиттерден жапа шегіп жатыр

Жергілікті емханада әйелдердің айтқан сөзіне сенбеген, тіпті психикалық денсаулықтарын тексеруге кеңес берген.

Павлодарлық отбасылар үш ай бойы паразиттерден жапа шегіп жатыр
фото: ашық дереккөз

Екі айдан астам уақыт павлодарлық отбасы белгісіз тері астында өмір сүретін паразиттерден зардап көруде. Әйелдердің айтуынша, денесі көпіршіктермен жабылып, содан кейін оның ішінен белгісіз тіршілік иесі шығатын көрінеді. Ал дәрігерлер ешнәрсені түсінбейді, тіпті олар әйелдерді психикалық денсаулығын тексеруге де жіберген деп хабарлайды Paryz.kz"Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл оқиға жөнінде бұдан алдын да жазылған болатын. 

Пахомовтар отбасы белгісіз шабуылдан құтылу үшін күнделікті ұзақ уақытқа созылатын керосин ванналарын, майлар мен алкогольді жақпаларды қолдануға мәжбүр. Аннаның айтуынша, жаз мезгілінде ол мүгедек қызымен бірге Ақтау қаласындағы санаторийге оңалту процедураларына барған. Ал ол жақтан қайтып оралғанда, терінің астынан белгісіз паразиттер пайда бола бастаған.

Осыған ұқсас оқиғаға павлодарлық Алена Емельянова да тап болған. Баласымен бірге ол да оңалту кешеніне барған.

Біз өзімізден қандай да бір қоқысты жуамыз, шаштар, қара нүктелерге ұқсас кішкентай тіршілік иелері шығады. Үш ай уақыт өтсе де бізге нақты диагноз қоя алмады, біз өзімізді өзіміз емдеп жатырмыз, - дейді Павлодар қаласының тұрғыны Алена Емельянова.

Жергілікті емханада әйелдердің айтқан сөзіне сенбеген, тіпті психикалық денсаулықтарын тексеруге кеңес берген. Алайда шағымдардың жиілігінен кейін тері астындағы паразиттерді тексеруге жіберген. Нәтиже науқастарды таңғалдырған: дәрігерлер олардың табиғатын анықтай алмай, нақты емдеу жолын көрсете алмаған.

Бұл стандартты тексерулер бізде барлығы жақсы екенін көрсетеді, бірақ біздің жағдайда мүлдем басқа зерттеу қажет, ол бізде жоқ және қалада да, облыста да қарастырылмаған. Біздің талабымыз да осы, - дейді Павлодар қаласының тұрғыны Анна Пахомова.

Шарасыз күйге түскен әйелдер Денсаулық сақтау басқармасына барған. Онда әйелдердің үйлеріне паразиттер тері астынан қайта шыға бастағанша күтетін медициналық қызметкерлерді жіберуге уәде еткен. Содан кейін үлгілер қайта сынауға жіберілетін болады. Алайда бұл жерде тағы да қарама-қайшылық туындайды: дерматологиялық көрсеткіштер бойынша Пахомовтар мен Емельяновтардың денсаулығы жақсы екенін павлодарлық дәрігерлер де, Ұлттық сараптама орталығы да растап отыр.

Мен тері дәрігері болмағандықтан, барлық аурулар сияқты болады деп айта алмаймын. Бүгін біздің Павлодар облысының дәрігерлерінің қорытындысы бойынша, олар дерматологиялық жағынан сау, паразиттерге де тексерулер жүргізілді, олар да сау, - Павлодар облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Бұратаева.

Әзірше дәрігерлер бір шешімге келгенше, отбасылардың белгісіз аурудан жапа шегуге тура келеді. Балалар мектепке бармайды, олар үйден оқуға мәжбүр, әйелдер де жұмысқа шыға алмайды және тұрақты түрде еңбек демалысын алуға мәжбүр. Ал өзін өзі емдеу қалтаға салмағын түсіреді. Павлодарлық әйелдердің сөзінше, аптасына паразиттерге қарсы препараттар мен түрлі санитарлық өнімдерге 80 мың теңге жұмсалады.