Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Ерліктің өнегесі – ұрпаққа үлгі: Орал қаласында ескерткіш ашылды

Тәжік-ауған шекарасындағы әскери қимылдар мен қақтығыстарға қатысқандардың ардагерлер одағының ұйытқы болуымен Орал қаласында ескерткіш ашылды. Бұл ескерткіш 1992-2001 жылдары тәжік-ауған шекарасындағы әскери қақтығыста қаза тапқан  жауынгерлерге арналған.

Ерліктің өнегесі – ұрпаққа үлгі: Орал қаласында ескерткіш ашылды
Фото: Жұбан МҰРАТ

 – Қазақстандық әскерилер ерліктің өнегесін көрсетіп, шекараны қару-жарақ, есірткі дәлізіне айналдырмақ болған моджахедтерге  тосқауыл болды. Сол қанды қырғында әскери борышын өтеп жүрген 17 жауынгер қаза тапты, 40-қа жуық сарбаз түрлі жарақат алды. Олардың ерлігі, жауынгерлік борыштарына адалдығы  кейінгі жас толқынға үлгі-өнеге,  – деді ескерткіштің ашылу салтанатына қатысқан Орал қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев.

Іс-шара барысында бір топ ардагерге Тәжік-ауған шекарасындағы әскери қимылдар мен қақтығыстарға қатысқандардың ардагерлер одағының «Алаш батыры» төсбелгісі табыс етілді.

Жұбан МҰРАТ