Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Оралда спорттық туризм дамымақ

Орал қаласында спортық туризмді дамытуға жете мән берілуде. Соған орай бұл бағытта арнайы орындар жасақталуда.Таяуда Махамбет-Исатай ескерткіші ауданындағы Шаған өзенінің жағалауында арқанды саябақ ашылды.

Оралда спорттық туризм дамымақ
Фото: Жұбан МҰРАТ

Демалыс орны балалар мен ересектерге салауатты өмір салтын ұстануға арналған нысандарың бірі болмақ. Саябақтың ашылу салтанатына жергілікті атқарушы билік өкілдері, қалалық мәслихаттың депуттаттары, спортшылар мен жұртшылық өкілдері қатысып, бастамаға сәттілік тілеп, ризашылықтарын жетікізді. Әсіресе жас спортшылар жаңа саябақтың ашылғанына қуанышты.

-Біле-білгенге спорттық туризмнің маңызы зор. Қала басшылығының бұл бағытттағы бастамаларына ел-жұрт, соның ішінде спорт, салаларының саласы мамандары да құптап, қолдайтынына сенім мол,-деді каноэ, байдарка және академиялық есуден БҚО федерациясының президенті, қалалық мәслихат депутаты Юрий Казанин.

Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Артур Шерғалиевтің айтуынша, спорттық туризмді жетілдіру мақсатында былтыр осы аумақтан 7 гектар жер алынған. Биыл арқанды саябақ дайындалды. Оған 40 млн теңгедей қаражат жұмсалған. Алдағы уақытта байдарка есуді, спорттық бағдарлауды, велосипед тебуді дамыту бағытында іс-шаралар атқарылмақшы. Ал қар түскен соң оралдықтардың қысқы спорт түрлерімен де шұғылдануына жағдай жасалмақшы.

Жұбан МҰРАТ