Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

"Не деп мыңқылдап отыр?": Министр Ерғалиевтің қазақша сөйлегені жұртқа жақпай қалды (ВИДЕО)

Ол министр болып тағайындалуының бастапқы кезеңінде қазақ тілін жетілдіруге уәде берген.

"Не деп мыңқылдап отыр?": Министр Ерғалиевтің қазақша сөйлегені жұртқа жақпай қалды (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желілерде Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің Сенаттың жалпы отырысында қазақша сөйлегені жұрттың наразылығын тудырды деп хабарлайды Paryz.kz.

Ол министр болып тағайындалуының бастапқы кезеңінде қазақ тілін жетілдіруге уәде берген. Ведомство басшысы сұрақтарға мемлекеттік тілде жауап беруге тырысады. Бірақ оның сөйлеген сөздері әрдайым түсінікті бола бермейді.

Ерғалиевтің Сенаттың жалпы отырысында сөйлеген сөзі әлеуметтік желіде наразылық туғызды.

«Мынау не мыңқылдап отыр?», «Сабаққа дайындалмаған оқушыға ұқсайды», «Орыс десең – түрі жоқ, қазақ десең – тілі жоқ» деп желі қолданушылары министрдің сөйлегенін сынға алды.