Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Түріктер - қызқұмар...": Түркияда оқыған қазақ студенттері олардың бет-бейнесін ашты (ВИДЕО)

Бірақ кейде олар басқа адамдардың жетістіктерін қызғанады.

"Түріктер - қызқұмар...": Түркияда оқыған қазақ студенттері олардың бет-бейнесін ашты (ВИДЕО)
фото: pixabay.com

Түркияда білім алған студенттер түрік халқының шынайы бет-бейнесін, өздеріне тән мінез-құлқын, өзге ұлт қыздарына деген көзқарасын сипаттап, айтып берді деп хабарлайды Paryz.kzCaravan.kz-ке сілтеме жасап.

Негізі түріктер өте бауырмал халық. Өзге халыққа бөлу деген түсінік жоқ. Бірақ қыздарға келсек, түріктер кішкене әлсіздеу. Менің ойымша, Түркияда қыздардың саны ұлдардың санына қарағанда аз болғандықтан түріктер қызқұмар, қыздарға аш болады. Менде бір жағдай болған, қыз достарыма түріктер жақындап, балағат сөздерді айтып, темекіні, ішімдікті ұсынды. Мен сол балалармен сөйлесуге барғанмын. Сол кезде олар пышақтарын шығарған. Жалпы олар өз күшіне емес, пышаққа, суық қаруға сеніп қалған адамдар. Оның себебі олар қызуқанды, намысшыл халық. Оларда италиялықтар сияқты қандары аралас. Қазіргі түріктерде неше түрлі ұлттардың қаны бар. Сондықтан олар бірден ашуға беріледі, - деді Стамбул қаласының студенті Берікжан (аты-жөні өзгертіліп алынды- ред)

Оның айтуы бойынша, ту, байрақ, ұлт намысы жайлы айтылатын кезде түріктер кез келген адамды өлтіруге де дайын болады. Және түріктерде қанға - қан, жанға - жан деген түсінік бар. Туыстар, әулеттер болып ұрысатын кездер болады. Кез келген уақытта адамды көшеде атып кету деген оларға жеңіл нәрсе.

Мен олардың басқа ұлттармен төбелескенін көрмедім. Білімді адамдар мұны жасамайды. Олар басқа ұлттың қыздарына тиіспейді. Сыпайы келіп танысады. Түріктер өте мейірімді, ашық, қонақжай халық. Бірақ кейде олар басқа адамдардың жетістіктерін қызғанады. Түріктермен бірге оқыған кезде бір нәрсені байқадым. Сен кез келген салада жетістікке жеткенше, олар сенімен өте мейірімді, шынайы болады. Менің жағдайымда, ол оқу. Бірақ іс жүзінде мұның бәрі адамның мәдениеті мен білім деңгейіне байланысты. Әр адам әртүрлі, - деді Кастамону Университетінің студенті Зухра есімді бойжетен.

Өз басым түріктердің өзге ұлт қыздарын ұрып-соққты дегенді жиі естімеймін. Бірақ бірлі жарым оқиға болған. Мүмкін жиі болатын да шығар, ол жағынан хабарсызбын. Түріктер көбіне еуропалық қыздарға қырғидай тиеді. Бір анық нәрсе, қысқа киініп, түнгі клубтарда жүрсең, жезөкше деп ойлап, танысқысы келетіндер көп. Шашынан сүйреген қазақ әйел туралы видеоны көрдім, менің де ашуыма тиді ол жағдай. Иә, олар қызуқанды. Көбіне намысына тиетін нәрседе бәріне баруға дайын. Қазақ қыздарының неліктен түріктерге құмар екенін білмеймін. Үш жылдан бері осында оқимын. Қазақ қыздарына айтатын ақылым, ешқашан түрік жігітінен жұмақ табамын, жақсы өмірге кенелемін деп ойламаңдар, - деген пікір айтты Анкара университетінің студенті Маржан.

Еске салсақ, Түркияда қазақстандық қыздың түнгі клубта соққыға жығылғаны және кейін із-түссіз жоғалып кеткені мәлім. Бұл туралы оның туыстары хабарлаған болатын. Кейін белгілі болғандай ол күзетшінің қолын тістеп алғаны үшін қамауға алынған көрінеді. Келіншекті шашынан сүйреген түріктердің іс-әрекеті желіде қызу талқыға түсті және көпшліктің ашу-ызасын туғызды.