Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Екі жылда терроризмді қаржыландыруға қатысты 26 факті тіркелген

Заңсыз әрекеттерді әшкерелеу Қаржы мониторингі агенттігімен бірлесіп жүргізілді.

Екі жылда терроризмді қаржыландыруға қатысты 26 факті тіркелген
фото: ашық дереккөз

Қазақстанда 2018-2020 жылдары терроризмді қаржыландыруға қатысты 26 факті тіркелген деп хабарлайды Paryz.kz, inform.kz-ке сілтеме жасап.

Терроризмге қарсы орталық штабының бөлім басшысы Жанарбек Жаңабаевтың айтуынша, заңсыз әрекеттерді әшкерелеу Қаржылық мониторингі агенттігімен бірлесіп жүргізілді.

Діни деструктивті ағымдарды қаржыландыру мәселесі үнемі басты назарда. Бұл бағытта ҚР ҰҚК, ІІМ, Бас прокуратура, ҚМА және Қаржы министрлігінің Кірістер комитетімен бірлесіп күресу механизмі әзірленді. Статистикаға сүйенсек, 2018-2020 жылдары терроризмді қаржыландыруға қатысты 26 факті тіркеліп, оның жолы кесілді. Фактілерге қатысты Ішкі істер министрлігі қылмыстық іс қозғап, ол Бас прокуратураға дейін жетті. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі де халық арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Биыл экстремистік қылмысқа барған 3 азаматтың үстінен іс қозғалды, – деді Жанарбек Жаңабаев.