Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Оралда "Жасыл" бизнесті дамытуға ден қойлымақ

Орал қаласы еліміздегі тазалығы өңірлердің бірі болып табылады. Алдағы уақытта осы деңгейде қалу үшін шаһар экологиясын жақсартуға барынша  мән беру керек.

Оралда "Жасыл" бизнесті дамытуға ден қойлымақ
Фото: Жұбан МҰРАТ

Бұл туралы Орал қаласында өткен «Uralsk Green Forum» (UGF) атты халықаралық экологиялық форумда айтылды. Осымен төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған аталмыш форумда қалдықтарды басқарудағы маңызды мәселелер талқыланды. Сондай-ақ қалдықтарды қайта өңдеудің деңгейі мен «жасыл» бизнесті дамытудың жай-жапсары айтылды.

Жиында алған делегаттар бұл басқосудың  тиімділігін жоғары бағалады. Мәселен, «Eicon» компаниясының тұрақты даму бойынша сарапшысы Сергей Цой экологиялық міндеттерді шешу – өңірдің тұрақты әлеуметтік және экономикалық дамуының негізі деп біледі.  ҚР Парламенті Мәжілісінің экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі  Елдос Абақанов  мемлекет басшысы өз Жолдауында ел экологиясы мен қалдықтарды кәдеге жарату мәселесіне ерекше назар аударатынын атап өтті. Ал ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов жаңа Экологиялық кодекстің талаптарына тоқталды. Ол «Waste-to-Energy» технологиясы қалдықтарды өңдеу мен жою саласындағы инвестицияны арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Форум аясында Оралда қалдықтарды қайта өңдеумен айналысатын компаниялардың көрмесі өтті. «Dream House Construction Group» компаниясы өздері шығаратын арболитті блоктарды көрсетті. Кәсіпорын басшысы Мирас Рамазановтың сөзінше, арболит блок 90 пайыз ағаш үгінділерінен тұрады. Ал жеке кәсіпкер Айсұлу Абдрахманова пайдаланылған сұйық майдың қалдығына  малдың майын қосып, кір сабын жасап көруде. Оның айтуынша, майлылығы 72 пайыз «Барыс» сабынына қазірдің өзінде сұраныс бар. «Кама Центр» ЖШС, «Губер С.В.» ЖК аутокөлік шиналарын қайта өңдеуден жасаған өнімдерін жиналғандар қызыға қарады.

Жұбан МҰРАТ