Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Вакцинаға қарсы белсенді Айна Бакеева 10 тәулікке қамауға алынды (ВИДЕО)

Ол балаға коронавирусқа қарсы вакцина салғаннан кейін оның өзін нашар сезінгенін алға тартты. 

Вакцинаға қарсы белсенді Айна Бакеева 10 тәулікке қамауға алынды (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Сот вакцинацияға қарсы Айна Бакееваны 10 тәулікке қамау туралы шешім шығарды деп хабарлайды Paryz.kz

Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысы негізінде А. Бакеева ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі) және 10 тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылды, - делінген қалалық соттың хабарламасында.

Қаулыны орындауды сот Шымкент қаласының полициясына жүктеді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Айна Бакеева Нұр-Сұлтандағы №58 мектепте жанжал шығарды. Ол балаға коронавирусқа қарсы вакцина салғаннан кейін оның өзін нашар сезінгенін алға тартты.

Желідегі видеода оқу орнына барған бірнеше әйел мектеп оқушыларын вакцинациялау жүріп жатқанын айтады. Бір видеоның авторы өзін журналист деп таныстырған. Жиналған әйелдер жанжал шығарып, дәрігерлер мен мектеп мұғалімдеріне қарсы шығып, оқушыға қарай өтуге тырысады.

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы оқиға 5 қазанда №58 мектепте болғанын растады.

Алайда осы мектепте коронавирусқа қарсы вакцинация жүріп жатыр деген ақпарат жалған. Бала қоңырау кезінде өзін жайсыз сезінген.