Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Алаяқтарға алданған тұрғындар Президентке үндеу дайындап жатыр

Қазақстанда Қаржы нарығын реттеу агенттігі бар. Алайда агенттік зардап шеккендерге мұндай істерге қатысты көмектесе алмайтынын айтқан.

Алаяқтарға алданған тұрғындар Президентке үндеу дайындап жатыр
фото: видеодан скриншот

Қазақстандықтар өздерінің жеке деректері мен телефон нөмірлерін біліп алып жатқан алаяқтарға шағымдануда. Олар қоңырау шалады, қызмет ұсынады, тіпті несие рәсімдейді. Олар бұл ақпаратқа қалай қол жеткізеді? Бұл туралы Paryz.kz 31-телеарнаның "Информбюро" жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Зейнеткер Светлана Доброскокинаның несиесі болған, сондықтан ол банктен үй телефонына біреу қоңырау шалғанда таңғалмаған.

Ол бұл қарызды қайта қаржыландыру ұсынысынан бас тартқанымен, көп ұзамай оған жалпы сомасы бір жарым миллион теңгеге жуық тағы бірнеше кредиті пайда болған.

Міне, сізге рәсімделді. Мен ештеңе баспадым. Мен тек оның маған айтқан сөздерін тексердім, – дейді зейнеткер.

Алаяқтар Светлана Доброскокинаның ЖСН мен тегін, тіпті банк картасының нөмірін де білген. Барлық хабарламалар банк нөмірінен келген.

Ал банкте мәселені анықтауға уәде берген, алайда әйел енді жаңа несиелерін төлеуге мәжбүр болып отыр. Айуынша, айына 36 мың теңге төлеп жатыр, оның зейнетақысы бар болғаны 70 мың теңге. Полицияда әйел бірнеше басқа да егде тартқан әйелдерді көрген, олардың арасында несие сомасы 9 миллионға жеткендері бар. Аталған іске қатысты “Алаяқтық” бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды облысының заң кеңесшілері өңірлік палатасының өкілі Елена Попова деректерге қол жеткізу құқығымен банктік бағдарламалар таралып жатыр дейді.

Светлана Ивановнаның жағдайынан көріп отырғанымыздай, компьютер арқылы да алаяқтар банктің атынан кодтарды жіберіп отыр, – дейді ол.

Банкте алаяқтарға банктік деректер базасы қолжетімді емес деп сендірді.

Алақтар интернет желісінде еркін сатылатын Қазақстан азаматтарының дербес деректері бар дерекқорды пайдаланады. Сондай-ақ олар банк клиенттерінің мәліметтерін банктердің атынан ұтыс ойындары өткізілетін немесе ақылы сауалнамалар жүргізілетін әртүрлі алаяқтық сайттарды пайдаланады, – дейді банктің Ақпараттық ресурстарды қорғау департаментінің өкілі Қанат Ельчибеков.

Зардап шеккендердің санының көптігі сонша, заңгерлер ел Президентіне үндеу дайындап жатыр. Қазақстанда Қаржы нарығын реттеу агенттігі бар. Алайда агенттік зардап шеккендерге мұндай істерге қатысты көмектесе алмайтынын айтқан.