Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қазақстанның тағы бір өңірінде карантин күшейтілді

Шектеулер 16 қазан сағат 00:00-ден бастап енгізіледі.

Қазақстанның тағы бір өңірінде карантин күшейтілді
Фото: stan.kz

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар санының өсуіне байланысты шектеу шаралары күшейтілді, деп хабарлады paryz.kz.

СҚО санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Шектеулер 16 қазан сағат 00:00-ден бастап енгізіледі. 

Солтүстік Қазақстанда сауда және ойын-сауық орталықтары, кафе, монша және сауналардың жұмыс уақыты 22:00-ге дейін қысқарады. Қоғамдық тамақтану объектілерінде 50 адамның орнына 30 адамға дейін отыруға рұқсат етілген. Сенбі-жексенбі күндері тамақтану орындары тек жеткізумен айналысады. Демалыс күндері туризм объектілері, фитнес-орталықтар, сауда және ойын-сауық орталықтары (ғимараттағы азық-түлік тауарларын сататын орындар мен дәріханаларды қоспағанда) қызметін тоқтата тұрады.

Қоғамдық көліктер де демалыс күндері жұмыс істемейді.

Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ, кәсіпкерлік субъектілері қаулы талаптарын сақтай отырып жұмыс істеуі тиіс. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 50 пайызы қашықтан жұмыс істейді (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болуы керек);

Халыққа қызмет көрсету орталықтары онлайн-форматқа көшіп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін СҚО-да Булаев қаласы мен Малютка, Явленка ауылы қатаң карантинге жабылған болатын. Өңірде 6 блокбекет орнатылған. 

Бұған дейін Маңғыстау және Атырау облыстарында карантин шаралары күшейтілген болатын.