Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Халық санағы-2021: Оралдағы Желаев ауылдық округі тұрғындары халық санағынан толықтай өтті

Орал қаласына қарасты төрт округтің бірі – Желаев ауылдық округі тұрғындары санақта азаматтық белсенділіктерін көрсетті. Осылайша, мерзімінен бұрын санақ жұмыстарын аяқтап отыр.

Халық санағы-2021: Оралдағы Желаев ауылдық округі тұрғындары халық санағынан толықтай өтті
Фото: Томирис СҰЛТАН

Округтегі  725 адам санақтан онлайн түрде өткен. Интервьюерлер Кәмшат Жұмағалиева мен Анаргүл Сағитова үйлерді аралау барысында 1707 адамды тіркеген. Желаев округінің ең жасы үлкен тұрғыны — 85 жаста. 

 – Ауқымды науқан халықтың нақты санын, жасы мен гендерлік құрамын анықтауға мүмкіндік береді. Санақ нәтижелері арқылы экономикалық болжамдар жасалады. Желаев селолық округінің тұрғындары халық санағында белсенділік танытты, — дейді округ әкімі Арман Бисембалиев.

Айта кетейік, елімізде халық санағы жалғасуда. Интервьюерлер 30 қазанға дейін санақ парақтарын толтыру үшін үй-жайларды аралайды. Тұрғындарға sanaq.gov.kz сайты арқылы да онлайн сауалнамадан өтуге болады.

Томирис СҰЛТАН