Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялар тексеріледі

Агенттік нарықта бәсекелестікті қорғау бойынша заңнама сақталмағаны анықталған жағдайда монополияға қарсы іс-шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялар тексеріледі
фото: ашық дереккөз

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстандағы такси қызметін ұсынатын компанияларды тексеруді бастағанын айтты деп хабарлайды Paryz.kz.

Бағаға мониторинг жасау, талдау және осы нарықтағы бәсекелестіктің жай-күйін бағалау бойынша жұмыс басталды. Нарық субъектілерінен көрсетілген қызмет көлемі мен қолданатын тарифтер, жолаушыларды тасымалдау қызметі бойынша мобильді қосымшаны пайдалану кезінде алынатын комиссия мөлшері туралы ақпарат сұралды, - деп хабарлады ведомстводан.

Агенттік нарықта бәсекелестікті қорғау бойынша заңнама сақталмағаны анықталған жағдайда монополияға қарсы іс-шаралар қабылданатынын мәлімдеді.