Ол осыдан бір жылдан астам уақыт бұрын қайтыс болған.
Шымкент қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдің мәйіті 2020 жылдың бірінші қыркүйегінде Еңбекші ауданынан табылған.
"Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, әйел бір жылдан астам уақыт бұрын қайтыс болған. Мәйіттің сүйек қаңқаларынан жарақат анықталмады. Жедел шаралар мәйіттің жеке басын анықтауға және қылмысты ашуға бағытталып отыр", - деп хабарлады полиция.
Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша ("Адам өлтіру") тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
БАҚ беттерінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, әйелдің денесі алдымен көрпеге салынып, содан кейін скотчпен оралған. Марқұм шамамен 20-30 жаста болған.