Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Оралда шағын кәсіпкерлерге зор демеу көрсетілуде

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында Орал қаласында онға жуық жобаға мемлекеттік қолдау көрсетілді. Ондай жобалардың ішінде «Талап» АҚ-ның емхана және «134» ЖШС-ның кірпіш зауытының құрылысы секілді бірқатар ірі  жобалар бар. 
 

Оралда шағын кәсіпкерлерге зор демеу көрсетілуде
Фото: Жұбан МҰРАТ

«Бизнестің жол картасы  – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» қоры қолдау көрсеткен жобалардың арасынан «KazPolimerPlast» ЖШС-ны (пластикалық пластиналар, қаңылтырлар, құбырлар мен профильдер шығару, жабдықтар сатып алу және айналым қаражатын толықтыру), жаңа стоматологиялық нысандар («NurStomWest» ЖК», «Массолитин А.А.» ЖК, «Өмірзақова А.С» ЖК), жергілікті туризм саласында «Жірдемов К. Е.» ЖК («Алаш» демалыс орталығы), білім саласындағы «Батыс Сәби» ЖШС (150 орындық балабақшаның ашылуы) жобаларын да атап көрсетуге болады.  

Мамандардың айтуынша, өткен жылы «Бизнестің жол картасы  – 2025» бағдарламасына өзгерістер енгізіліп, шағын бизнеске салалық шектеулерсіз кепілдік беру, субсидиялау құралдары іске қосылғаны кәсіпкерлер үшін айтарықтай демеу болуда. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі 17,5% құрайды, оның 6% -ын кәсіпкердің өзі төлейді, қалғанын мемлекет өтейді. Бір қарыз алушыға несиелік лимит - 20 миллион теңге, оның ішінде айналым қаражатын толықтыруға - 5 миллион теңгеге дейін беріледі. Кәсіпкерді несиелік қаржыландыруда оның қызмет ету мерзімі ескерілмейді, несиенің 85%-ына дейінгі мөлшерде «Даму» қоры қорының кепілдігі ұсынылады. Қолдау тетіктерінің ерекшелігі - банк несие берумен қатар субсидиялауды, кепілдік беруді «Дамудың» қатысуынсыз шешіп, өзі қабылдайды. Бұл шағын кәсіпкерліктің жобаларын қаржыландыру үрдісін едәуір жеңілдетеді, сонымен қатар бизнеске айналым қаражатын толықтыруға несие алуға мүмкіндік береді.

Жұбан МҰРАТ