Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ақтауда 15 миллион теңгеге салынған пластикалық қызғалдақтар сынып жатыр (ФОТО)

Басынан бастап-ақ газонның орнына пластиктен жасалған инсталяция тұрғындардың ашуын тудырған. 

Ақтауда 15 миллион теңгеге салынған пластикалық қызғалдақтар сынып жатыр (ФОТО)
фото: дереккөз

Әлеуметтік желілерде Ақтау тұрғындарына эстетикалық көңіл сыйлап, өңірге туристерді тарту үшін салынған "Гүл бағы” құлап жатыр. Халық құрылыстың сапасыздығына наразылықтарын білдірді деп хабарлайды Paryz.kzLada порталына сілтеме жасап. 

Кейбір жерде гүлдер құлаған. 

Басынан бастап-ақ газонның орнына пластиктен жасалған инсталяция тұрғындардың ашуын тудырған. 

Оқи отырыңыз: Ақтауда 15 миллион теңгеге пластик гүлдер "егіп" қойыпты

Lada.kz 24 қазан күні пластикалық қызғалдақтарды суретке түсірген. Олардың кейбіреулерінің сынғанын байқауға болады.  

Шенеуніктер Ынтымақ алаңындағы бұл пластиктен жасалған “туындыны” “Гүлденген дала” декоративті жүйесі деп атаған. 

Әкімдіктен хабарланғандай, бұл декорациялық инсталяцияны "Clover media group" ЖШС жасаған. 

Инсталляцияның ауданы 200 шаршы метр. Жобаны іске асыру құны 15 404 000 теңгеге бағаланған.