Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Оралдық 13 жасар кондитер шеберлік сағатын өткізді

Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «Интеграл» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне және тәрбиешілеріне арнап торт пісіруден шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

Оралдық 13 жасар кондитер шеберлік сағатын өткізді
Фото: Томирис СҰЛТАН

Шеберлік сағатын жас кондитер Бейбарыс Сұлтан өткізді. Бейбарыс 8 жасынан торт пен тәтті бөлкелерді пісірумен айналысып келеді. Қазір 13 жастағы балғын Оралдағы №47 орта мектепті 8-сыныбында оқиды. Өзінің айтуынша, әжесіне тағамдарды дайындауда көмектесуден бастап, тәттілерді дайындауға қызығушылығы оянады. 10  жасынан торт пісіруді бастаған. Кейін шеберлік сағаттарына қатысып, кондитерлік өнімдерді дайындау машығынан өтті.

Бүгінде ол осы бағыта кәсібін дөңгелетіп отыр. Дәмді торттары арқылы көпшілікке танылған және осы тәттілер арқылы табысқа кенеліп отырған Бейбарыс болашақта танымал кондитер болуды армандайды.

Отбасы үлгісіндегі балалар үйіндегі шеберлік сағаты кезінде Бейбарыс «вупипай», «сүтті қыз», «қызыл бархат» торттарының жасалу жолдарын көрсетіп, тәрбиеленушілермен бірге жасады. Сонымен қатар капкейктер дайындалды.

Дәмділердің дайындаудың әдіс-тәсілдерін үйренген балалар замандастарына ризашылықтарын білдіріп, оған тілектерін жолдады.

Томирис СҰЛТАН