Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Тегін массажға барған зейнеткерлердің атына несие рәсімдеп жіберген

Ай сайынғы төлем – 70 мың теңге. 

Тегін массажға барған зейнеткерлердің атына несие рәсімдеп жіберген
фото: ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысында қалада тұратын зейнеткерлерді массажердің тұсаукесеріне шақырған. Ал бірнеше күннен кейін егде жастағы адамдар өздерінің атына кредиттің рәсімделгенін білді деп хабарлайды Paryz.kzAstana телеарнасына сілтеме жасап.

Алданып қалғандардың арасында Гүлбаршын Әбілдинова да бар. Ол банкке үлкен сомаға қарыз болып қалғанын білмей жүрген. Оған дейін бір массажердің тұсаукесеріне барыпты. Сол шарада ұтыс ұйымдастырылып, Гүлбаршынның жолы болды. Ғажап массажер ұтып алды. Бірақ ол тегін емес болып шықты.

Бір кісі конвертті ашып, массажер ұтып алғанымды айтты. Адамдар қол шапалақтап, құттықтап жатты. Сосын бір қағаздарды алып келді. Қолды мына жерге және мына жерге қойыңыз деді. Мен көзім дұрыс көрмейді десем, ол сыйлық үшін қол қойылатын қағаздар деді, - дейді Әбілдинова.

Енді жапондық массажер үшін III топтағы мүгедек бір жарым жыл бойы барлық зейнетақысын беріп отыруға тура келеді. Ай сайынғы төлем – 70 мың теңге.

Сол күні Борис Тягуновқа да "сәттілік серік" болды. Ұтысты ұйымдастырушылар оған джекпот жеңіп алдыңыз деп айтқан.

Иә, джекпот ұтып адыңыз деді. Барлығы бір-бір сыйлықтан жеңіп алса, менде көрпе, жастық, ауа озонаторы, механикалық массаж мен видеотіркеуші құрал болды. Сөйтіп, негізгі қарыз 700 мың теңге болып шықты. Ал проценттер 512 мың болды. 3 жыл бойы 34 мың теңгеден төлеу керек екен, - дейді Петропавл қаласының тұрғыны.

Ал тұтынушылар құқықтарын қорғау қауымдастығының облыстық филиалы мұны алаяқтық әрекет деп отыр. Олар зейнеткерлердің жеке мәліметін бір жерден алып, қол қоятын құжаттарға енгізіп қояды. Ал банктер онлайн-өтініштерді растай салады.

Растайтын құжаттарды да сұрамайды.

Зейнеткерлер полицияға арыз түсірді. Алайда тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғаған жоқ. Себебі алаяқтық әрекет расталған жоқ. Полицейлер "Silk-A" ЖШС-іне алданып қалған азаматтарға сотқа жүгінуге кеңес берді.