Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Оралда 40 бейнебақылау құрылғысы іске қосылмақ

Оралдағы қауіпті бұрылыстар мен көше бойларына орнатылған 40 бейнебақылау құрылғысы 23 қазаннан бастап штаттық режимде жұмыс жасамақ.

Оралда 40 бейнебақылау құрылғысы іске қосылмақ
Фото: Жұбан МҰРАТ

19-22 қазан аралығында тестік режимде іске қосылған камералар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алады. Орал қалалық полиция басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, камерадағы барлық ақпарат Бас прокуратурадағы арнайы басқару пультіне тікелей түсіп отырады.

Мамандар бұл құрылғылардың іске қосылуымен қалада жол қозғалысының тәртібін сақтамайтындар, соның ішінде жылдамдықты шамадан тыс асыратындар азаятынына сенімді. Камералар жолдың қос бағыты бойынша жылдамдықты асырған автокөліктерді, олардың нөмірлерін, түсін, маркасын автоматты түрде анықтайды. Жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері автоматты түрде өңдеу орталығына жіберіледі және айыппұл ұйғарымдары әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізіміне енгізіледі.

40 бейнебақылау құрылғысы Оралдағы жол қозғалысын ретке келтіріп қана қоймай, түрлі құқық бұзушылықтың алдын алу шараларына да сеп болмақшы. Яғни өзге заң бұзушылыққа барғандарды анықтауда камералардың тигізер көмегі көп.

Жұбан МҰРАТ