Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Оралда жарықтандыру жұмыстары жалғасуда

Өткен жылдан бастап Орал қаласы көшелеріндегі 13 мыңнан астам жарық шамды ауыстыру жоспарланып, осы мақсатта жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ 320 дана сыртқы жарықтандыруды басқару шкафтары ауыстырылды.

Оралда жарықтандыру жұмыстары жалғасуда
Фото: Томирис СҰЛТАН

Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің абаттандыру секторының маманы Абылай Нұрмақовтың мәліметінше,  жоспарға сәйкес биыл қала аумағында жарық шамдары мүлдем жоқ 15 көшені жарықтандыру басталған.

Қазіргі таңда 7 көшенің жарықтандыру жұмысы аяқталған. Қараша айының ішінде осы уақытқа дейін мүлдем жарықшамдар болмаған Чуйков, А.Карев, Н.Савичев, Ә.Кекілбаев, Ғ.Қараш, Фрунзе, Неусыпов көшелеріне диодты жарықшамдар орнатылады. Жарықтандыру бойынша жұмыстады «Казтехникс» ЖШС атқаруда. 30 қарашаға дейін көшені жарықтандыру жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілмек.

Осыдан бірер ай бұрын қалалық жарықтандыруды басқару бойынша «АСУНО» жобасы іске қосылған болатын. Шаһар көшелеріндегі жарықдиодты шамдардың жай-күйі қала әкімдігінде орналасқан диспетчерлік пункттен бақыланады. Бұл жобаның іске қосылуы жарықтандыру жүйесінің сапасына, апат орындарын жедел түрде анықтап, сол орынға бригаданы жолдау арқылы ақауды дер кезінде қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Яғни, бұрынғыдай жарықшамдарды маршрут бойынша айналып, қарап шығудың қажеттілігі жоқ. Шамдардың жай-күйі тәулік бойы бақылауда болады.

Томирис СҰЛТАН