Депутаттың бұл қазақшасы қазақтың сөздерін өмірінде бірінші рет оқып отырғандай әсер қалдырды.
Көбіне қабағы қатулы жүретін депутат Артур Платонов Мәжіліс отырысында сауалын қазақша оқып беріп, әлеуметтік желілердің назарына ілікті деп хабарлайды Paryz.kz, zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Желіде біреулер бұл депутаттың қазақшаға онша тілі келмесе де, тырысып баққанының өзін жоғары бағалап жатыр.
Кеудесіне тағы бір медаль тағып жіберейік, – дейді.
Дегенмен қазақша сөйлеу мен қазақшаны қағаздан оқи салу деген екі бөлек ұғым еді. Алматыда туып-өскен адамның қазақ тіліне құлағы үйренбеген дегенге сену қиын. Депутаттың бұл қазақшасы қазақтың сөздерін өмірінде бірінші рет оқып отырғандай әсер қалдырды.
"Бұл кісіні бұрын сыйлаушы едім, кейін оның да билікті жағалап жүрген көп әртістің бірі екенін біліп қойдым, - дейді пікір жазғандардың бірі.