Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

ШҚО әкімдігі "қоғамда антиконституциялық сана қалыптастыру үшін" 15 млн теңге жұмсамақ болған

Хабарламада "сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру" деп жазылуы керек болған.

ШҚО әкімдігі "қоғамда антиконституциялық сана қалыптастыру үшін" 15 млн теңге жұмсамақ болған
фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысында "антиконституциялық сана" қалыптастыру бойынша ісшара ұйымдастыруға 15 млн теңге бөлмекші болған. Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған хабарламада жіберілген қателік желі қолданушылары арасында әзілге айналып кеткен деп хабарлайды Paryz.kz, 31 телеарнаның "Инфорбюро" жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

қателік

Хабарламада "сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру" деп жазылуы керек болған. Желі қолданушылары қателікті әзілге айналдырып, өз пікірлерін қалдырған. 

Байқау жақын арада аяқталады және қайта жариялануы мүмкін. Лот жайлы деректер порталда қыркүйек айын.да жарияланған. 

Байқау аяқталғанша кестеге және хабарламаға өзгеріс енгізу мүмкін емес. Сондықтан байқаудың соңғы кезеңінің аяқталғанын күтіп отырмыз, - деп мәлімдеді ШҚО Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ирина Смит.