Орал қаласындағы көпбейінді аурухананың дәрігерлері жаңа технологияларды қолдану арқылы ота түрлерін жасай бастады.
Аталмыш аурухананың оталарингологиялық бөлімнің басшысы, хирург Расул Қамқиев бұл ота сирек кездесетін ауруларға байланысты жасалатынын айтады. Таяуда дүниеге келген нәресте мұрынмен дем ала алмаған. Соған осындай ота жасалыпты.
-Негізінен мұндай ота түрлері бұрын да жасалды. Бірақ ол кезде жөнді технологиялар болған жоқ. Мәселен, 18 жыл бұрын өзім ота жасаған сәби қазір үлкен азамат болды. Денсаулық жағдайы қалыпты. Заманауи құрал-жабдықтармен ота жасалған мына нәрсете де сауығып, сондай азамат болады деп үміттеніміз. Ол қашан да біздің бақылауымызда болады, -дейді хирург.
Айта кетейік, аталмыш бөлімде 25 кереуеттік орын бар. Оның бесеуінде балалар, қалғанында ересектер ем алады. Одан бөлек күндізгі стационарда емделушілерге арналған 10 кереует және жасақталған.
Жұбан МҰРАТ