Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Нұр-Сұлтанда қос киллер бостандыққа шығады

Алайда, алты жылдан кейін іс "бұзақылық" бабына ауыстырылды.

Нұр-Сұлтанда қос киллер бостандыққа шығады
фото: Коммерсантъ

Елордада екі киллер алты жыл бұрынғы үкімге шағымданып, бостандыққа шыққалы отыр деп хабарлайды Paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

2014 жылдың қысында екі азамат кәсіпкер мен оның досына қарулы шабуыл жасаған. Нәтижесінде ұйымдастырушы мен орындаушылар абақтыға жабылды. Алайда, біршама уақыттан кейін іс қайта сараланды. Енді екі азамат та бостандыққа шығады.

Кәсіпкер Олжас Мұқажановтың айтуынша, 2014 жылдың қаңтар айында медициналық маска таққан екі ер адам елорда орталығында өзіне және досына шабуыл жасап, травматикалық тапаншадан оқ атқан.

Олжастың иығы мен басына бірнеше оқ тиген, алайда кәсіпкер аман қалған. Тергеу нәтижесі бойынша шабуыл жасағандар 13 және 14 жылға түрмеге қамалды. Олар қылмыс жасауға оқталғаны үшін сотталды. Алайда, алты жылдан кейін іс "бұзақылық" бабына ауыстырылды. Енді сотталғандар бостандыққа шығады. Жәбірленуші апелляциялық соттың шешімімен келіспей отыр. Ол алдағы уақытта Жоғарғы сотқа жүгінбек. 

Прокурордың өзі "бұзақылық" бабын беруді ұсынды. Мен заңға бағынатын азамат ретінде травматикалық тапаншаны уақытылы өткіздім. Егер бастан ату бұзақылық болса, тапаншаны өзіме қайтарсын. Енді өзім қорғанамын, - деді Мұқажанов.