Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері вакцина алмаған ба?..

"Сондай-ақ ол өзі де, әріптестері де вакциналардың зиянды және қауіпті екенін жақсы білетіндігін мәлімдеген. Мұның барлығы өтірік" делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері вакцина алмаған ба?..
фото: ашық дереккөз

Telegram мессенджерінде "Денсаулық сақтау министрлігінде КВИ-ге қарсы екпе алған қызметкерлер жоқ" деген ақпарат тарауда. Оның авторы бұл ақпаратты ведомствода жұмыс істейтін досынан естігенін айтады деп хабарлайды Paryz.kzstopfake.kz-ке сілтеме жасап. 

"Сондай-ақ ол өзі де, әріптестері де вакциналардың зиянды және қауіпті екенін жақсы білетіндігін мәлімдеген. Мұның барлығы өтірік" делінген хабарламада. Алдымен, ақпаратта фейктің барлық белгілері бар екенін атап өткеніміз жөн: онда ел немесе қала атауы көрсетілмеген. "Министрлік қызметкерінің" есімі немесе оның лауазымы белгісіз. Мұндай ерекшеліктердің болмауы, нақты ақпараттың берілмеуі жалған ақпараттарға тән. Сондықтан оларды тексеру және ақпараттың бастапқы дереккөзін табу қиынға соғады.

StopFake.kz түсініктеме алу үшін Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне жүгінген. Ведомство өз қызметкерлері арасында КВИ-ге қарсы вакцинациядан жаппай бас тарту дерегі жоқ деп хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің саны – 205 адам. Оның ішінде 21 адамда медициналық қарсы көрсетілімдер бар, олардың қатарына үш ай бұрын ауырғандар да кіреді. Осылайша, 184 адам вакцинациялауға жатады, оның ішінде 178 адам екі компонентпен егілді және 6 адам бірінші компонентті алды. Қызметкерлер 100% дерлік вакцинацияланды, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Демек, хабарламаның Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ және барлық белгілері бойынша ол - фейк.