Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Асхат Аймағамбетов Батыстың тыңшысы ма?..

Stan Radar басылымы "Что ищут казахстанские силовики в Минобразования Казахстана?" деген материалында Аймағамбетовті қазақстандық мұғалімдерді ағылшын тілінде оқытамын деп бюджет ақшасын жымқырды деп айыптайды.

Асхат Аймағамбетов Батыстың тыңшысы ма?..
фото: ашық дереккөз

Қазақстанның білім саласындағы қазақыландыру реформасын ұнатпаған кей ресейлік басылымдар білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке қарсы материалдарды лек-легімен жариялап жатыр деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кремльдің пропаганда құралдары Аймағамбетовпен дауласып жүрген Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің бұрынғы ректоры Анар Қайырбекованың мәлімдемелерін алға тартып, оқырманға дереккөз ретінде ұсынған.

Сайт тілшісі Аймағамбетовті қаралау материалдарын жариялаған ресейлік басылымдарға шолу жасап шықты.

Аймағамбетов Батыстың тыңшысы ма? Stan Radar басылымы "Что ищут казахстанские силовики в Минобразования Казахстана?" деген материалында Аймағамбетовті қазақстандық мұғалімдерді ағылшын тілінде оқытамын деп бюджет ақшасын жымқырды деп айыптайды.

Басылым Анар Қайырбекованың Аймағамбетовті Сорос-Қазақстан қорымен қаржылық жағынан «күмәнді» байланыста деген айыбын мысалға келтіре отырып, аталған ақпарат жарияланғаннан кейін министр оны «қорқытып, есеп айырыспақ болған дейді.

Айта кетейік, әділдік іздеген Қайырбекова Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдаған болатын.

Білім және ғылым министрлігінде мұғалімдерді ағылшын тіліне оқытуға 6,7 млрд теңге сомасында келісімшарт жасасу кезіндегі сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, Аймағамбетовтың 74 млрд теңге сомасына аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға арналған төмен сапалы Қытай ноутбуктерін жоғары бағамен сатып алу кезіндегі жемқорлық схемалары, Аймағамбетов диссертациясындағы жалғандық фактісі, сондай-ақ Аймағамбетовтің Ресейде тыйым салынған Мәскеу саяси зерттеулер мектебінде оқуы, оппозицияны ағарту және ықпал ету агенттерін даярлау жөніндегі диверсиялық мектеп туралы мәліметтерін жария еткеннен кейін мен қатаң қысым объектісіне айналдым. Ол құқық қорғау органдары арқылы қорқыту техникасын қолданды, – деп жазған Қайырбекова Қазақстан Президентіне ашық хатында.

Экс-ректор құзыретті органдар Аймағамбетовтің "Сорос-Қазақстан қорының жеке шетелдік құрылымынан" ақша алғаны туралы ақпаратты тексерудің орнына «есеп берумен» ғана айналысты деп отыр.

БҒМ-нің қазақыландыру саясаты Regnum басылымы БҒМ үшін латынға көшу Ресей бодандығынан босау үшін қажет дейді.

Білім және ғылым министрлігі қазақыландыру және латынға көшудің «маңызды» проблемасына алаңдаулы. Аймағамбетов: «Біз үшін бірінші кезектегі міндеттердің бірі – оқытуда мемлекеттік тілдің үстем болуына жағдай жасау. Бұл жерде ешқандай пікірталас болмауы керек, өйткені бұл мемлекеттік тіл және біздің еліміздің азаматтары мемлекеттік тілде білім алуы тиіс, - деп айырықша атап өтті.

Мәселе мынада, қазақстандық Білім және ғылым министрлігінің реформалары білім туралы емес, Ресейден алшақтау туралы.

Қазақ тілінің латын графикасына көшу қажеттілігін негіздеуде. А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты "Қазақ жазуын тоталитаризм жолынан босату және ұлттық сана-сезімді ояту» және «түркітілдес әлеммен одан әрі топтасу" сияқты мақсаттарды алға тартады. Білім министрлігінің Мемлекеттік сатып алу департаментінің бұрынғы басшысы Анар Қайырбекова хабарлағандай, Білім министрі Асхат Аймағамбетов оқуға келісімшарт жасады.

Бұл басылымда мұғалімдерді ағылшын тіліне оқытуға қатысты қаражатқа тоқтала келіп, Аймағамбетовті Батыс қорларына жұмыс істеп отыр деп айыптайды.

Білім министрлігінің Мемлекеттік сатып алу департаментінің бұрынғы басшысы Анар Қайырбекова хабарлағандай, Білім министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді ағылшын тілінде оқытуға қатысты келісімшарт жасаған. Аталған салада жұмыс тәжірибесі жоқ компания келісімшартты сәтсіз аяқтаған.

Анар Қайырбекова мұғалімдерді оқыту үшін таңдалған компания сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін жауапқа тартылғанын алға тартып отыр.

Қазақстанның білім беруді реформалау саласындағы аса белсенді ойыншылардың бірі – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Дүниежүзілік банктен басқа, Сорос қоры болып табылады (Ресейде ұйым керексіз ұйымдар тізімінде – ЕСК.с IA REGNUM).

Осы құрылымның "Сорос-Қазақстан қорының 20 жылдық қызметі" атты баяндамасынан көретініміздей, 12 жылдық білім беру және "қазақ тілін қорғау" идеясы оған тиесілі. Сонымен қатар Сорос олар мектеп әкімшіліктерін айналып өтіп, "бейресми көшбасшылар" мұғалімдерін қалыптастыруымен қызық боп тұрған «Баршаға арналған мектеп» және "Қазақстан мұғалімдерінің көшбасшылығы" жобаларын жүзеге асыруда.

Қазақстанда білім саласындағы мемлекеттік реформаны Соростың көп жылдан бері серіктестері болып келе жатқан адамдар жүзеге асырады. Аймағамбетов Сороспен байланысын қатты жарнамаламайды.

Анар Қайырбекова: "Асхат Аймағамбетов НАТО елдері қаржыландырған Мәскеу Азаматтық ағарту мектебінде (шетелдік агент – ұйым) оқыған" деп айтты. Оқытушылардың арасында АҚШ-тың Ресейдегі бұрынғы және қазіргі елшілері, АҚШ президенті әкімшілігіндегі Ресей және Еуразия істері жөніндегі кеңесшілер Томас Грэм және Тоби Гати, Пентагон басшысының бұрынғы орынбасары Ричард Перл, ЦРУ Сыртқы барлау сарапшылары тобының бұрынғы басшысы Ричард Пайпс бар", - деп жазған.

"Ustaz" ЖШС және жемқорлық Stan Radar басылымы сәуір айындағы "Что не так с Министерством образования Казахстана и его руководителем – Асхатом Аймагамбетовым?" материалында латын әліпбиіне көшу бюджет ақшасын жымқырудың бір жолы дейді.

Білім министрлігі өз саласындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау мақсатындағы мониторинг пен сауалнама жүргізу жұмыстарына мақсатты түрде кедергі келтіреді. Жүйелі сипатқа ие құбылыс жолға қойылған. Соростың шәкірті басқарып отырғаннан кейін, перманентті неолиберал реформалар мен Батыс үлгісі бюджеттің қыруар қаржысын қалтаға басудың ыңғайлы жолы. Бәлкім, латын әліпбиіне көшу арқылы билігі бар шенеуніктер жаңа оқулықтар, әдістемелік әдебиеттер мен қайта оқыту процесінде қыруар қаржыны қалтаға басуды көздеп отырған болар.

Аймағамбетовтің 2020 жылдың соңында өзіне 15 миллион теңге, орынбасарларына да үлкен көлемде сыйақы тағайындағаны ресейлік БАҚ-тың назарынан тыс қалмаған.

"Соңғы эпизод Парламентте талқыланды. Біздің дереккөзіміздің мәліметінше, қазақстандық күш құрылымдарын БҒМ-нің Қазақстан ұстаздарын ағылшын тіліне оқытуына қатысты "Ustaz" ЖШС жасаған шарттары қызықтырып отырған көрінеді. Аталған фирмамен министрлік 6,7 млрд теңгеге (8,6 млн доллар) келісімшарт жасаған. Жобаның өзі сәтсіз шыққан, себебі дайындықтан өткен ұстаздардың 80% ағылшын тілін тиісті деңгейде меңгермеген және қосымша оқуды қажет еткен.

Бұл эпизод мемлекеттік "үштілді білім беру жүйесіне" көшу бағдарламасының іске асуына бөгет болған. "Ustaz" ЖШС беделіне де нұқсан келді, себебі оның өкілі 2020 жылы білім беру саласындағы шенеуніктерге пара бермек болғаны үшін қамауға алынды.

Жалпы айтқанда, саясатсыз-ақ, Білім министрлігіндегі сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік сатып алумен байланысты хикаялардың өзі құзыретті органдардың тексеруін қажет етеді.

"Время" басылымы болса Аймағамбетовті жеке басын жарнамалауды ғана біледі деп айыптап отыр.

Аймағамбетов шынайы нәтижелер, сыбайлас жемқорлықпен күрестен гөрі жеке басын жарнамалаумен айналысады. Әлеуметтік желілерде сені "халық министрі" деп мақтауыңды асырып, бірнеше боттарды іске қосатын пиар мамандарын жалдауға да болады, - деп жазған.