Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Оралда әйелдер волейбол ойнады

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Орал жастары» іс-шаралар легін жалғастыруда. Кезекті шара – әйелдер арасында ұйымдастырылған «Спорт – сенің серігің» тақырыбы таңдалған волейбол ойыны.

Оралда әйелдер волейбол ойнады
Фото: Томирис СҰЛТАН

Шараны жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың жастарға қызмет көрсету бөлімі ұйымдастырды. Жастарға қолдау көрсету, қоғамға бейімдеуде  мақсатты топтармен жұмыс жасайтын бөлім бұл жолы ойынды  әйел жамағатының қатысуымен өткізді.

Ресурстық орталықтың бөлім басшысы Алма Төлепқалиева атап өткендей, әйел жамағатының қатысуымен жаздыгүні спорт жарысы өткізілген. Белсенділік  танытқан әйелдер қауымы екінші мәрте  волейбол ойынында бас қосты.

Ойыншыларды әйелдер жамағатымен тұрақты жұмыс жасап жүрген облыстық мәслихат депутаты Шаттық Өтебалиева мен ұстаз Назгүл Данаева қолдап келді.

Ойын нәтижесінде  бірінші  орынды «Алға» командасының арулары иеленсе, жүлделі екінші орынды «Барыс» тобының қатысушылары қанжығалады. Ал үздік үштікті «Баракат» командасы түйіндеді.

Жеңімпаздар мен үздік ойыншыларға ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар ұсынылды.

Томирис СҰЛТАН