Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Оралда ұлағаты ұстазды еске алуға арналған турнир өтті

 15-16 қазан күндері Орал қаласында ұлағатты ұстаз, саяси қуғын сүргінге ұшағаран ұлағатты ұстаз Т.Қатауовты еске алуға арналған волейболдан ашық қалалық турнир өтті. Оған Орал қаласы мектептері, Қаратөбе, Сырым аудандарынан жалпы 8 команда қатысты.

Оралда ұлағаты ұстазды еске алуға арналған турнир өтті
Фото: Томирис Сұлтан

ҚР Президенті Қ.Тоқаев Саяси қуғын-сүргін  құрбандарын еске алу күніне орай үндеуінде жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым ету және олардың есімдерін мәңгі сақтау, ерліктерін дәріптеу –  баршамыздың перзенттік борышымыз екенін атап өткен болатын.  Зобалаң жылдары саяси қуғын сүргінге тап болғандарлың бірі ұлағатты ұстаз – Тұрсынғали Қатауов. Мемлекет басшысының үндеуі аясында саяси қуғын-сүргінег ұшағаран ал азаматының еісмін ұрпақ жадынжа жаңғырту мақсатымен ұйымдастырылған  туринирдің ашылуына ашылуына Т.Қатауовтың шәкірті – Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Берік Батаев, қала әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев, басқарама басшылары, білім беру саласының қызметкерлері мен шәкірттері және туыстары қатысып,  ұстаздың өмірі мен ұлт болашағы үшін атқарған білім саласындағы еңбегі туралы естеліктермен бөлісті.

1949 жылы Орал мұғалімдер даярлайтын институтының тарих факультетінде оқып жүргенде Алашорда үкіметін қолдап, қайраткерлері еңбектерін халық арасында батыл насихаттағаны үшін жазықсыз жала жабылып, 10 жылға сотталып жазасын Карлагта өтеп, 1955 жылы ақталып шыққан. Бостандыққа шыққан соң өзінің халық жауы емес, керісінше халықтың сауатын ашуға қызмет етіп, бар саналы ғұмырын оқу-ағарту саласына арнап, Қаратөбе ауданы бойынша 1970 жылы тұңғыш  «КСРО оқу-ағарту ісінің үздігі» белгісін тағады.

Облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде өткен турнирде  Сырым, Қаратөбе аудандарының  және Орал қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы  №10, №20, Х.Доспанова атындаңы №30, №47, №50 орта мектептері мен Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің  командалары бақ сынады. Жарысқа бас төреші болған Азамат Нұрмұханбетов. Екі күнге ұласқан турнир қорытындысында  Қаратөбе ауданының  командасы  жүлделі бірінші орынды иеленді. Орал қаласындағы А.Байтұрсынлв атындағы №10 және №50 мектеп командалары екінші-үшінші орындарды бөлісті.

Томирис СҰЛТАН