Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Орал – ақынның отанына айналған қала

Орал қаласындағы «Уақыт тынысы. Тоқай – мәңгілікке саяхат» атты кеш өтті. Онда белгілі татар ақыны Ғабдолла Тоқайдың өмірі, шығармашылығы сөз болды.

Орал – ақынның отанына айналған қала
Фото: Жұбан Мұрат

– Ғабдолла Тоқай – белгілі ақын, журналист, аудармашы, педагог. Ол «Шурале» поэмасы секілді сүйекті шығармалардың авторы. Әрбір өлеңін татар халқы сүйіп оқиды. Тіл туралы толғаныстары толқытпай қоймайды. Ғабдолла Тоқайдың шығармашылығы сөз болған жерде Орал айтылмай қалмайды. Орал – ақынның отанына айналған қала. Өлеңдерінің көп бөлігі осында жазылды. Оралдың ақын өмірінен алатын орны ерекше. Тым қысқа ғұмыр кешкен ақын Қазанда тек қана 6 жыл уақытын өткізсе, Оралда 12 жыл бойы өмір сүрген. Оны Оралдың әсем табиғаты шабыттандыра түскені ақиқат, – деді Оралдағы Ғабдолла Тоқай әдеби музейінің директоры, филология факультетінің кандидаты Гузель Тухватова.

Кеш барысында режиссер Алексей Борыкиннің «Ғабдолла Тоқай Оралда» деректі фильмі көрсетілді. Деректі фильмде ақын шығармашылығы кеңінен насихатталған.

– Қазан қаласының тұрғындары Ғабдолла Тоқайды ерекше құрметтейді. Оның өмірінің көп бөлігі Оралда өткенін қашанда айтып жүреміз. Мұны бірі білсе, бірі білмейді. Ақын балалық шағындағы естеліктерді Оралда хатқа түсірген. Болашақта осы көне шаһарда кино түсіру жоспарда бар, – деді Алексей Борыкин.

Жұбан МҰРАТ