Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Оралда пластмасса қалдықтарын өңдейтін цех іске қосылады

Жақын күндері Орал қаласында пластмасса қалдықтарды өңдейтін қос бірдей цех жұмысын бастамақ. Жобаны жүзеге асыру бизнесті қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың арқасында мүмкін болып отыр.

Оралда пластмасса қалдықтарын өңдейтін цех іске қосылады
Фото: Томирис Сұлтан

«Орал» сауда өнеркәсіп компаниясы осыдан 18 жыл бұрын құрылған болатын. Газбен және сумен жабдықтау, телекоммуникация жүйелеріне, технологиялық құбырларға арналған, диаметрі 20-дан 1600 мм-ге дейінгі полиэтилен және полипропилен құбырларын, сондай-ақ пластмассадан жасалған металл плиткаларды, профильді парақтарды, қосымша элементтерді, жол белгілерін және басқа да халық тұтынатын тауарларды шығаруға маманданған. Жалпы өнімнің 100-ден астам түрі шығарылады.

Компания өндірістің қоршаған ортаға зияны тимеуін басты назарда ұстайды. Қалдықсыз технологияға көшу үшін биыл екі жаңа цехтың құрылысын бастады.  Осы орайда пластмасса қалдықтарды қайта өңдеу және тауарларға арналған пластик қаптама өндірісіне арналған су жаңа заманауи жабдықтар сатып алынған. Қазір олар іске қосылуға дайындалуда.

 –    «Даму» қорының қолдауы арқылы жүзеге асырылуда. Қаржылық ұйым арқылы субсидияға ие болдық. Бұл мемлекет тарапынан өте жақсы қолдау. Соның арқасында жаңа өндірісті іске қоспақпыз. Бұл жоба ең алдымен экологиялық тұрғыдан тиімді болады. Біз ел аумағын пластмасса және полиэтиллен қалдықтардан тазартуға ниеттіміз, – дейді «Орал» сауда өнеркәсіп компаниясы» ЖШС-ның директоры Валерий Крылов.

Жобаның құны – 3 млрд. теңгеге жуық. Алғашында 40 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Өндіріс толық қуаттылығына енгенде  150 адам жұмыспен қамтылмақ.

Томирис СҰЛТАН