Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Тараздық алаяқ әйел халықтан 90 млн теңгені алдап алған

Жәбірленушілердің бірін ол 2 жылға жуық алдап келген. Осы уақыт ішінде одан 41 миллион теңге алып үлгерді.

Тараздық алаяқ әйел халықтан 90 млн теңгені алдап алған
фото: kerek-info.kz

Тараз қаласының 40 жастағы тұрғыны алаяқтық жасап, қазақстандықтарға 90 млн теңгеден астам мөлшерде залал келтірді, деп хабарлады paryz.kz, облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әйел жауапты мемлекеттік лауазымдағы адамдармен байланысы бар екенін айтып мақтана отырып, өзін қадағалау органдарының бірінің қызметкері ретінде көрсеткен және кез келген заңды мәселені ақылы түрде шешуге уәде берген. Сенімді көрінген ханымның ықпалына түскен адамдар оған ақшасын берді. Жәбірленушілердің бірін ол 2 жылға жуық алдап келген. Осы уақыт ішінде одан 41 миллион теңге алып үлгерді. Оның үстіне, ол жалғыз емес, алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адаммен бірге әрекет еткен", - делінген ведомство хабарламасында.

Күдіктінің іс-әрекетінен бұлтартпас дәлелдемелер жинаған тергеушілердің нақты және үйлесімді әрекеттерінің арқасында кінәсін мойындамағанына қарамастан, қылмыстық іс сотқа жіберілді. Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін әйел мүлкін тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.