Орал өңірінде электр желілерін жөндеу мен жаңарту жұмыстарына биылғы жылға арналған инвестициялық бағдарламасы бойынша қайта 439 млн теңге бағытталған. Осы қаржының 200 млн теңгесі Оралдағы электр желілерін жөндеуге жұмсалуда. Өйткені шаһарда халық тығыз қоныстанған, қуатты көбірек пайдаланады.
Қазіргі таңда Круглоозерныйда 19 млн теңгеге ескі ағаш бағандар бетон бағандармен, жел соқса, боран тұрса, үзіліп түсетін ескі желілер қаптамалы болат сымдармен ауыстыру аяқтала келген. Қазір Зашаған кентіндегі Құлагер көшесінде жаңа желі тарту жұмыстары жалғасуда. Жаңалап-жаңғырту жұмыстары электр желілеріндегі қуат және оны пайдалану шығындарын азайтады, қуаттың тұрақты болуын қамтамасыз етеді.
-Қалада 0,4 киловольттық және 800 метрдің үстінде 10 киловольттық кабель желілері жаңартылды. 0,4 киловольттық 4 шақырымдық әуе желілерін жаңасымен ауыстыру жұмыстары жалғасуда. Қондырғылар, вакуумдық ажыратқыштар және 18 трансформатор сатып алынып, орнатылды, - деді Орал қалалық электр желілері филиалының басшысы Сергей Доля.
Жұбан МҰРАТ