Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қызылорда облысында тәрбиешілер 4 ай бойы жалақы ала алмай отыр

22 балабақшада еңбекақы төленбеген.

Қызылорда облысында тәрбиешілер 4 ай бойы жалақы ала алмай отыр
Фото: sabaqtar.kz

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында бір топ жекеменшік балабақша қызметкерлерінің жалақыларын даулап, әкімдік табалдырығын тоздырғандарына үш ай болды, деп хабарлады paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Негізі Жаңақорған ауданында 80-ге жуық балабақша бар. Басым көпшілігі жалақысын уақытылы алып отыр. Еңбекақы дауы 22 балабақшада туындаған.

"Министерліктің жеке балабақша ұйымдарында толық мемлекеттік тапсырыспен қаржылары төленсін деген хаты бар. Ал қазір 22 балабақша айлығын ала алмай отыр", - дейді заңгер Қарасай Әшірбеков.