Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Түркістан облысында өгей қызын жүкті қылған ер адам 15 жылға сотталды

Босанған қыз басында баласының әкесін атаудан үзілді-кесілді бас тартады.

Түркістан облысында өгей қызын жүкті қылған ер адам 15 жылға сотталды
фото: ашық дереккөз

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 13 жастағы өгей қызын зорлады деп айыпталған 1978 жылы туған ер адамға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды деп хабарлайды Paryz.kzRatel.kz-ке сілтеме жасап. 

2021 жылдың басында Түркістан облысындағы шалғай ауылдардың бірінде сұмдық жағдай болды. 13 жасар қыз өгей әкесінің баласын дүниеге әкелді. Полиция, прокуратура, ауыл әкімдігі және балалар үшін жауапты уәкілетті басқа да мемлекеттік органдар мұндай фактіні жоққа шығара алмады. Ата-анасынан да, қыздың өзінен де ешқандай арыз түспегеніне қарамастан жағдай бойынша тергеу басталып, қылмыстық іс қозғалды. 

Отбасы ауылға жақында Шардарадан көшіп келген. Қыздың анасы 1-топтағы мүгедек. Денсаулығына байланысты көбіне Түркістан мен Шымкент ауруханаларында ұзақ емделген. 13 жасар қызы босанған уақытта да анасы емханада болған. Әйел қызының сәби дүниеге әкелгенін естігенде есеңгіреп қалады. Оның айтуынша, қызының салмақ қоса бастағанын байқаған. Бірақ ол тойып тамақ жегеннен деп ойлаған. 

Жасөспірімнің  мал бағумен айналысатынын өгей әкесі болған. Ол өгей қызы босанған уақытта оның жеке өмірі туралы ештеңе білмейтінін мәлімдеген. 

Босанған қыз басында баласының әкесін атаудан үзілді-кесілді бас тартады. Бірақ анасы араласқаннан кейін оны өгей әкесі зорланғаны белгілі болды. 

Ер адам тұтқындалып, оған қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында жаңа туған бала мен қыздың өгей әкесінен ДНҚ сараптамалары алынды. Нәтижесінде күдікті сәбидің әкесі екені 99,9%-ға расталды.

Сотта айыпталушы өзі болған оқиғаны толық мойындады. Әйелі ауруханада болған күндердің бірінде араққа сылқия тойып келіп, өгей қызын зорлағанын мәлімдеді. 

Ер адам кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді. 

Үкім заңды күшіне енді.

Қазіргі таңда нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық. Жас ана мен бала қамқоршылық меремелерінің қолында.