Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қазақстанда қыздар пәктігін аукцион арқылы сатып жатыр

Ал сатып алушылар туралы ақпарат барынша құпия сақталады.

Қазақстанда қыздар пәктігін аукцион арқылы сатып жатыр
фото: proza.ru

Әлеуметтік желіде қыздардың өз пәктігін қомақты қаржыға саудалай алатын онлайн-аукцион жұмыс істейді екен деп жазады Paryz.kz, Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап. 

Онлайн-аукцион арқылы қалталы ер азаматтар "алғашқы түнді" сатып ала алады. Әлеуметтік желідегі көз тартар онлайн-аукцион сайты шетелдікі, ол жерде Нұр-Сұлтан мен Алматының екі офисі тіркелген. Аукциондағы пәктіктің бағасы 10 мың доллардан басталып 10, кейде 100 есеге көбейіп жатады.

Пәктіктігін саудаға салушылардың көпшілігі мұндай қадамға үй, автокөлік сатып алу, тіпті оқу ақысы мен брендтік киім алу үшін де барады екен. Ал сатып алушылар туралы ақпарат барынша құпия сақталады. Сондай-ақ үміткер қыздар медициналық тексеруден өтеді.

Сайттың мәліметінше, Алматыдағы қыздар пәктігін 10 мың мен 20 мың доллардың арасында бағалап, саудаға қойған. Олардың көпшілігі 18-19 жастағы студент қыздар. Сондай-ақ сайтта аукцион арқылы пәктігін сатқан қыздардың пікір қалдыратын арнайы бөлімі бар. Онда пәктігі бұрынырақ саудаға түскен қыздар өздерінен кейінгілерге "жігер" беретін пікірлер жазған.