Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Оралда "Мейірбандылық айлығы" аясындағы шаралар жалғасуда

13  қазан күні Орал қаласында мүмкіндігі шектеулі  жандар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды. Бұл шара «Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығында тимбилдинг форматында  ұйымдастырылды. Қатысушыларды қала әкімінің  орынбасары  Ерлан Ғалиев қолдап келді. 

Оралда "Мейірбандылық айлығы" аясындағы шаралар жалғасуда
Фото: Томирис Сұлтан

Қазан айының екінші жексенбісі мүмкіндігі шектеулі жандардың белгіленген. Осы мерекемен қоса қазан айын «Мейірбандылық» айлығы ретінде  аталып өтіледі. «Атамекенде» өткен тимбилдинг шарасы  да осы айлық шеңберінде ұйымдастырылды.

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі, облыстық мүгедектер қоғамдық бірлестігі, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бірлесе  ұйымдастырған жарыс 3 спорт түрінен мықтыларды анықтады. Атап айтқанда, Біржан Қожақов, Гүлмира Батпақұлова, Азон Шаймарданов бастаған белсенділер асық ату, садақ ату, дартс ойындарында ептіліктерін сынға салды.

Қазаққа төл өнердің төркіні болған асық ойыны қай ойыншының болмасын қанжығасын құр қайтарған жоқ, Асқан ептілік пен қол күшін талап ететін қалған спорт түрлері де қызықты өтті. Жарыс жеңімпаздары арнайы диплом, сыйлықтармен марапатталды.

Томирис СҰЛТАН