Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Орал қаласы құрылыс бөлімінің басшысы ұсталды

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Орал қаласындағы екі тоғыз қабатты тұрғын үй салынған. 

Орал қаласы құрылыс бөлімінің басшысы ұсталды
фото: ашық дереккөз

Орал қаласының құрылыс бөлімінің бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды Paryz.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметіне қарағанда, Құрылыс бөлімінің бастығы ЖШС бірінің директорынан 2020 жылдың қазанында 134 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. 

Белгілі болғандай, аса ірі көлемдегі пара "пандемия кезінде арнайы тапсырысты қолдану арқылы конкурс арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға көмектескені үшін және құрылыстың аяқталу актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін" берілген. "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Орал қаласындағы екі тоғыз қабатты тұрғын үй салынған. Бағдарлама бойынша салынған баспаналарға 2, 2 млрд қаржы кеткен.

Орал қаласының құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы мен оның сыбайласы Н. Қылмыстық кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталып, изоляторға қамалды, – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.