Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Оралда жабайы базарлар таратылуда

Орал қаласының көркін арттыру, абаттандыру мақсатында жаңа жобалар қолға алынуда. Соған орай шаһар көшелерінің бойында желекжол (бульвар) мен тынымбақтар (сквер) салу бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалуда.

Оралда жабайы базарлар таратылуда
Фото: Жұбан Мұрат

Соңғы жылдары шаһар басшылығы жабайы базарлармен күресті жүйелі түре жүргізе бастады. Қала әкімінің өзі бастап арнайы рейдтерге шығып, жабайы саудамен айналысушылармен түсінік жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде он жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келген Әбілқайыр хан даңғылындағы «Жайық» дүкенінің жанындағы жайма базары таратылды. Сол маңдағы тұрғындар аумақтағы қоқыс пен антисанитарияға жиі наразылық танытан еді. Себебі, ешқандай терексеруден өтпеген ет, балық, жемістер мен көкөністер тікелей жерден сатылатын. Биыл сол базар таратылды. Оның орнына желекжол салынуда. Бұйыртса бұл жер жер толықтай абаттандырылып, тұрғындарың демалып, серуендеуіне барынша жағдай жасалмақшы.

Біздің шағым-тілектеріміз ескерусіз қалмағанына қуаныштымыз. Әспесе бұрын үйіміздің алдында болған жабайы базардан у-ушу, ұрыс-керіс жиі естіліп, түрлі иіс, шашылған қоқыс бәрі жүйкеге, денсаулыққа кері әсерін тигезетін. Қазір оның бірі де жоқ. Есесіне айнала тазарып, жаңа кейіпке еніп жатыр. Енді демалуға, кішкентай немере-жиендерімізбен серуендеуге жақсы мүмкіндік туыды,-дейді Орал қаласының тұрғыны Райса Ерешқызы.

Жұбан МҰРАТ