Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Оралда мерейтойлық фестиваль өтті

Орал қалалық мәдениет және демалыс паркінде «Сорочинский жәрмеңкесінің» 15-ші мерейтойлық фестивалі өтті.

Оралда мерейтойлық фестиваль өтті
Фото: Жұбан Мұрат

Украин халқының мәдени-бұқаралық мейрамына қала тұрғындары мен қонақтар көптеп жиналды.  «Еднання» украин мәдени-ағарту қоғамы ұйымдастырып, «Қоғамдық келісім» мекемесінің қолдауымен өткізілген фестивальға украин және славян орталықтарының өкілдері атсалысты.

Аталған іс-шараға келген әр делегация сәулетті де тамаша қолданбалы өнер шығармашылығынан көрмелер әзірлеп, оның жанында суретке түсуге ынта танытқандардың қатары орасан көп болды. Жәрмеңкеде әуесқой шеберлер мен «Қала шеберлері» атты кәсіпқой қолөнершілер қоғамдық бірлестігі қосылып дайындаған көрмелерді тамашалауға жиналғандардың қарасы да аз болған жоқ. Көрермендер «Червона рута», «Теректиночка», «Родничок», «Риченька», «Марычка» және «Надежда» вокальдық топтарының, «Капучино» дуэті мен «Берегиня» халықтық украин хорының өрісті өнеріне қошеметпен қол соғып, сахнадан ұзақ уақыт жібермеді. Сонымен қатар көрермендерді «Мечта» балалар би ұжымының мың бұралған билері қуантты.

Жұбан МҰРАТ