Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Оралдық оқушылар шаһардағы ескерткіштердің тарихына үңілді

Орал – аспан астындағы ашық музей іспетті. Шаһардың бас даңғылы ХІХ ғасырда  салынып, бүгінге дейін сақталған тарихи ғимараттарымен ерекшеленеді. Бас даңғылдың өзінде 161 мәдени-тұрмыстық қызмет нысаны болса, соның 38-і архитектуралық мұра. Туған жердің тарихи-мәдени мұраларын жас ұрпақтың санасына меңгерту, өлкетануға қызығушылықтарын арттыру – басты міндет. Осы ретте «Атамекен» балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы жыл сайын қалалық мектеп оқушылары арасында экскурсиялық бағдарлау жарысын өткізіп келеді.

Оралдық оқушылар шаһардағы ескерткіштердің тарихына үңілді
Фото: Томирис Сұлтан

Экскурсиялық бағдарлау жарысында оқушылар тарихи ескерткіштерді зерттеп қоймай, қаланы бағдарлай білуге үйренеді. Биыл 7  қазанда  өткен жарысқа қаладағы 19 мектептен 80 оқушы қатысты. Олар экскурсиялық бағдарлау және «Орал – Қазақстанның ежелгі қаласы» номинациялары бойынша бақтарын сынап, жарысқа үлкен жауапкершілікпен қатысты. Жарыс барысында оқушылар әрбір бақылау пункттерінде тарихи-мәдени ескерткішпен танысып, сонымен қатар ескерткішке байланысты берілген тест тапсырмаларын командамен жарыса орындады. Берілген үй тапсырмасына сәйкес қаламыздың әрбір мектебі экскурсиялық маршрут құрып, құрылған маршрут бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Жарыс қорытындысында берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындай білген №30 орта мектептің  оқушылары – бірінші орынды иемденді. №49 орта мектеп командасы – екінші, №26  мектеп – үшінші орынды алды. Сонымен қатар экскурсиялық бағдарлау, «Орал – Қазақстанның ежелгі қаласы» номинацияларының әрқайсысы бойынша үздіктер анықталды.

Томирис СҰЛТАН