Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ақтөбеде 69 жастағы зейнеткер алғаш рет төлқұжат алды

Зейнеткерге арнайы дайындалған азық-түлік себеті ұсынылды.

Ақтөбеде 69 жастағы зейнеткер алғаш рет төлқұжат алды
фото: дереккөз

Бүгінгі күнге дейін 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортымен өмір сүріп келген Лариса Чернышева алғаш рет Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алды деп хабарлайды Paryz.kz, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарт әйелге көптен күткен құжаттарын алуға Ақтөбе облысының полицейлері көмектесті. Оны Мұғалжар ауданының полиция бөліміне шақырып, салтанатты түрде жеке куәлігі мен гүл шоқтарын табыстады. Одан өзге зейнеткерге арнайы дайындалған азық-түлік себеті ұсынылды.

Лариса Чернышеваның айтуынша, бұған дейін ол ХҚКО-ға және анықтама бөліміне жүгінген, онда  әйелді құқықтық мәртебесін анықтау үшін аумақтық көші-қон қызметі бөлімшесіне жіберген.

Менде туу туралы куәлік те, ел аумағында тұратындығымды растайтын құжат та болған жоқ. Көші-қон қызметінің қызметкерлері тиісті органдарға өздері сұрау жіберіп, қажетті ақпарат алды, Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығымды анықтай алды, – деп атап өтті зейнеткер.