Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Алматы облысында енесі келінін сабаған (ВИДЕО)

Ауыр соққыдан талып қалған келіншек 4 сағат ес-түссіз жатқан.

Алматы облысында енесі келінін сабаған (ВИДЕО)
Фото: nege.kz

Алматы облысында енесі келінін есінен танғанша ұрып-соққан, деп хабарлады paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, енесі 24 жастағы келінін осыған дейін де ұрып-соғып келген. Соңғы рет алған соққылардан жәбірленуші бірнеше сағат есінен танып жатқан екен. Салдарынан, келіншек қоғам белсенділерінен көмек сұрап отыр. 

"Біздің "Не молчи" қорына кезекті өтініш келіп түсті. Енесі келінін сабаған. Келіні жас, 1996 жылғы. Қатты ұрып-соққан болуы керек, өйткені, ол төрт сағат бойы ес-түссіз жатты", – деді "Не молчи" қорының жетекшісі Дина Смаилова.