Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Шымкентте сауда орталығында жас келіншек босанып қалды

Айта кетейік, бұл - «Шымкент Плаза» сауда үйінде дүниеге келген екінші сәби.

Шымкентте сауда орталығында жас келіншек босанып қалды
фото: дереккөз

«Шымкент плаза» қызметкерлері мамандықтарын өзгертіп, акушер болуға мәжбүр болды деп хабарлайды Paryz.kz, Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін сауда орталығында сағат екілер шамасында 27 жастағы келіншек босанып қалған. Ал мекеме қызметкерлері алғашқы көмек көрсетіп, қыз баланың өмірге келуіне септігін тигізді.

Олардың айтуынша, аяғы ауыр келіншектің өзі де бұлай тез босанамын деп ойламаған көрінеді.

Айта кетейік, бұл - «Шымкент Плаза» сауда үйінде дүниеге келген екінші сәби.

Осы жерде босанды. Қыздің өзі де білмеген шығар. Сондай жағдай болатынын. «Шымкент Плазадағы» бұл екінші рет. Ал кинотеатрда бірінші рет. Кішкене қобалжып тұрмыз әрине. Стресс, шок. Күтпеген жағдай болды енді. Анасы да күтпеді, біздің әріптестермізде күтпеді, - дейді HR менеджер Айгүл Ташбенбетова.

Киім ауыстыратын бөлмеде дүниеге келген нәресте тез арада қалалық перинетальдық орталыққа жеткізілген. Салмағы 3 келі, бойы 54 см.

Ақ халаттылардың айтуынша, ана мен баланың қазіргі жағдайы жақсы.

Жағдайы жақсы. Тез арада реанимация бригадасы жіберілді. Артынша кюезі бар арнайы бригада жіберілді. Анасы мен баласына алғашқы көмек көрсетіліп қалалық перинетальдық орталыққа жеткізілді. Өйткені ол ең жақын орналасқан аурухана. Қазір жағдайы жақсы. Қалалық босану үйіне тасымалдау бойынша сұрақтар шешіліп жатыр, - дейді шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов.